«Қазгидромет» 22 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 5–10 м/с. Ауа температурасы күндіз +24+26°С, түнде +9+11°С.
Алматыда құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 3–8 м/с, күндіз екпіні 11 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз +28+30°С, түнде +18+20°С.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы күндіз +32+34°С, түнде +19+21°С.