freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ Канада тауарларына 50% баж салығын енгізді

Әлем
АҚШ Канада тауарларына 50% баж салығын енгізді
Фото: Getty Images

АҚШ пен Канада үш күнге созылған келіссөздер нәтижесінде сауда мәселесі бойынша ортақ мәмілеге келе алмады, деп хабарлайды Malim.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Осыдан кейін Вашингтон Канададан импортталатын бірқатар тауарға 50% көлемінде баж салығын енгізетінін мәлімдеді.

Reuters мәліметінше, құны шамамен 20 млрд доллар болатын канадалық тауарларға жаңа тарифтер сенбі күні түн ортасынан кейін күшіне енеді.

Канада премьер-министрі Марк Карни АҚШ-пен сауда келіссөздерін уақытша тоқтатқанын мәлімдеп, Оттаваның жаңа тарифтерге «долларына доллар» қағидаты бойынша симметриялы жауап беретінін айтты.

Шешім Вашингтонда өткен үш күндік келіссөздерден кейін қабылданды. Кездесуге Канаданың АҚШ-пен сауда мәселелері жөніндегі министрі Доминик Леблан мен АҚШ сауда өкілі Джеймисон Грир қатысты.

АҚШ пен Канада арасындағы сауда келіссөздері шілде айында белсенді түрде қайта басталған. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп 19 тамызға дейін Канада импортына 50% баж салығын енгізу мүмкіндігін айтқан болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу