Арқалықтағы әуежай құрылысы толық аяқталды. Бүгін Астана-Арқалық бағытында алғашқы рейсті қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұған дейін хабарланғанындай, нысан барлық қажетті сертификаттау рәсімдерінен өтті. Рұқсат алу тәртібі бірнеше кезеңмен жүргізілді: 3 тамызда әуежай авиациялық қауіпсіздік қызметінің, 18 тамызда «Қазаэронавигацияның», ал 21 тамызда аэродромның жарамдылық сертификатын алды.
Арқалыққа ұшқан алғашқы рейстің жолаушылары санатында белгілі әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлы да болды. Ол өзінің әлеуметтік желі парақшасында ақжолтай жаңалықтың маңызына тоқталып, былай деді:
- Жарты сағатта Арқалыққа да жеттік. Торғайда той! Үлкен той. Алаштың тойы. Торғай жасасын!