Қазақстанға шетелден әкелінген көліктер қалай заңдастырылады?

Кедендік тексеруден өтуі керек

Malim Админ

  • 12.01.2023

Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады.  Бұл жұмыстар тиісті талаптар бойынша  жүргізіледі. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, біріншіден, көлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінуі керек. Екіншіден, ол іздеуде болмауға тиіс. Үшіншіден, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Соңғысы - кедендік тексеруден өтуі керек.

Көліктерді заңдастыру тәртібі қалай жүргізіледі?  Бұл сұраққа Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев жауап берді. Оның айтуынша, азаматтар заңдастыру туралы өтінішті egov.kz порталы арқылы немесе арнайы ХҚКО-ларға барып бере алады. Орталықтарда көліктерді тіркеуге ниетті көлік иелерінен ғана құжат қабылдайтын арнайы секторлар ұйымдастырылады.

Арнайы ХҚКО-ларға барған көлік иелерінен 4 құжат талап етіледі. Заңдастыру туралы өтініш, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат, көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлік, көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат қажет.  

Сұлтанбаевтың мәліметінше, өтініш пен құжаттарды тапсырған соң сәйкестендіру нөмірлерін тексеру мақсатында көлік арнайы халыққа қызмет көрсету орталығындағы тексеру пунктіне тапсырылады. Бұл жұмысты ішкі істер органдарының сарапшы-криминалисті жүргізеді.

Тиісті процедуралар аяқталғаннан кейін 2 күн ішінде жауапты орган автокөлікті заңдастыруға болатыны немесе рұқсат етілмейтіні туралы шешім қабылдайды. Яғни, бұл аралықта қызметкерлер көлікті ҰҚК-ның Шекара қызметі, мемлекеттік кірістер органдары және Интерполдың базалары арқылы тексереді.   

Байланысты жаналықтар

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

05.05.2025

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

04.05.2025

Көлік бір топ адамды қағып кетті: полиция мәлімдеме жасады

27.04.2025

Астанада көше ортасында көлік өртенді

21.04.2025

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

16.04.2025

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

11.04.2025
MalimBlocks
Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

Көлік бір топ адамды қағып кетті: полиция мәлімдеме жасады

Астанада көше ортасында көлік өртенді

Елордалық өртсөндірушілер өртеніп жатқан көлікті сөндірді

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

Ол жолда қалып қойған.

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

Полиция Қазақстанда көлік тізгіндегендерге қатысты жас шектеуі мен тыйымдар туралы айтты