Қыл үстіндегі қауіпсіздік: Қазақстанның Қытайдың ырқына жығылғаны рас па?

Malim Админ

  • 07.04.2021

Қытай су мәселесінде Қазақстанмен ғана келіссөз жүргізеді. Бұл жөнінде экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мәлік Бүрлібаевтың сұхбаттарында бірлескен комиссия сарапшылардың пікіріне құлақ аспайды деп не себепті айтып жүргені түсініксіз. Қытай өз тарихында бүгінгі күнге дейін өзара трансшекаралық су айдындары  бар 18 елдің ешқайсысымен су бөлу жөнінде бірде-бір халықаралық шарт жасасқан жоқ. Алайда, Қытай су бөлу жөніндегі келіссөздерді тек біздің елмен жүргізетініне баса назар аудару қажет», - деп мәлімдеді экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов.

Бұдан бөлек, Қожаниязов трансшекаралық өзендерге байланысты қазақ-қытай комиссиясы жұмыс істеп жатқанын, осы уақытқа дейін 17 отырыс жасағанын айтты.

Бұған дейін профессор Мәлік Бүрлібаев сұхбаттарында трансшекаралық су ресурстарын пайдалануға байланысты құрылған қазақ-қытай бірлескен комиссиясының Қазақстан тарапының жұмысын бірнеше рет сынаған. Ол 2020 жылы Зона.кз сайтына берген сұхбатында Қазақстанның су мәселесінде Қытайдың ырқына жығылғанын, комиссия басшылары сарапшылар пікіріне құлақ аспайтынын айтқан.

«Қытаймен келіссөздер ауыр, қиын форматта жүрді. Ол алдағы уақытта да солай болады. Олар әркез себепті және себепсіз дискуссия жасап, келіссөздерді мағынасыз әңгімеге айналдырады. Олардың бұны әдейі жасайтыны түсінікті. Қытай трансшекаралық өзендердің бастауында отыр, сол себепті олар келіссөздердің шапшаң жүруіне мүдделі емес. Олар бірінші су ресурстарын игеріп алып, содан соң келіссөз жүргізбекші ме? деген мәселені ойлану қажет. Соңғы уақыттары Қытай Іле су бассейніне 40 су қоймасын, 250-ге жуық су мұнарасын салды. 500 мың гектар жерін сол сумен суаруда. Осы уақыт аралығында Қазақстанда су бөгеттері мен суару құрылғылары қиратылды. Егер Қытайдың ұстанымы шын мәнінде осындай болатын болса, онда Қазақстанды үлкен қиындықтар күтіп тұр. Көп жерде біз өзіміз кінәліміз. Мысалы, өзен суының сапасы өзен ағынының сандық сипаттамаларына байланысты екенін бәрі біледі. Жай сөзбен айтқанда, судың сапасын саннан бөлек қарастыруға болмайды. Біз не істедік?  Қытайлардың ырқына жығылдық. 2011 жылы бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшім Қазақстан үкіметінің атынан қытайлармен трансшекаралық өзен суларының сапасын қорғау және қоршаған ортаны қорғау туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойды. Салдарынан судың сапасы жалпы келіссөздер күн тәртібінен шығарылып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комиссияға берілді. Енді бұл екі комиссияның арасында өзара байланыс жоқ», - деген Бүрлібаев.

Қазақстанның су қауіпсіздігі мәселесі бұрыннан айтылып келеді. Бірақ осы уақытқа дейін ресми биліктің аталмыш мәселені шешуге байланысты қандай қадам жасағаны белгісіз. Қазірдің өзінде Батыс Қазақстан облысы су мәселесінде Ресейдің Саратов және Волгоград облстарына тәуелді.

Оқи отырыңыздар: Қыл үстіндегі қауіпсіздік: Ресей, Қытай, Қырғызға тәуелді Қазақстан

Байланысты жаналықтар

Euro 2024: Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді

10.09.2023

Қазақстандық оқушылар олимпиадаларда үздік атанды

29.07.2023

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

12.07.2023

Ғ.Жақиянов: Путиннің дәуірі аяқталған соң не болмақ?

11.07.2023

Мерекелер елдің құндылықтарын жаңғыртады

13.06.2023

Ердоғанның билікте қалуы Орта Азияға қалай әсер етеді?

29.05.2023
MalimBlocks
Euro 2024: Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді

Алаңның екі қанатынан жиі шабуыл ұйымдастырды

Қазақстандық оқушылар олимпиадаларда үздік атанды

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

Путиннен кейін орыс «көке» болмайды

Ғ.Жақиянов: Путиннің дәуірі аяқталған соң не болмақ?

Біз Ресейге тәуелді боп қала береміз бе, әлде енді шығысымыздағы «ұлы» көршіміздің бодандығына кіреміз бе?

Мерекелер елдің құндылықтарын жаңғыртады

Ердоғанның билікте қалуы Орта Азияға қалай әсер етеді?

Қазірдің өзінде ұлттық валюталары рекордтық деңгейде құлдырап кеткен