freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атыраулық жасөспірім сауда орталығында биіктен секіріп кеткен

Оқиға
Атыраулық жасөспірім сауда орталығында биіктен секіріп кеткен
Видеодан скрин

Сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған жасөспірім қауіпсіздік талаптарын бұзып, нысанға шығын келтірді.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 14 жастағы жасөспірім ата-анасының қарауынсыз жүріп, белгіленген қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. Нақтырақ айтқанда, орталықтың кіреберіс бөлігінен жерге секіріп, төбе жабындысын тесіп өтіп, жерге құлаған. Оқиға орнында оған медициналық көмек көрсетіліп, тексеруден кейін жасөспірім ата-анасымен бірге үйіне жіберілді.

— Аталған дерек бойынша жасөспірімнің ата-анасы баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, құзырлы органдарға сауда орталығындағы қауіпсіздік шараларын қосымша тексеру туралы нұсқама жолданды, — деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу