freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ Трамп биліктен кеткенше Айға база салып, ядролық кеме ұшырмақ

Әлем
АҚШ Трамп биліктен кеткенше Айға база салып, ядролық кеме ұшырмақ
Pixabay

АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігі Айға база салып, алғашқы ядролық кеме ұшыратынын мәлімдеді. Бұл туралы РБК хабарлайды

АҚШ-тың ғарыштағы ұзақ мерзімді бағытын айқындайтын жаңа бастамалар топтамасын агенттік "Ignition" атты іс-шарада таныстырды. Ұсынылған жоспарға сәйкес, Дональд Трамптың президенттік мерзімі аяқталғанға дейін адамзатты Айға қайта апару, сонда тұрақты нысан тұрғызу және ядролық технологияларды зертханадан тыс, тікелей ғарыш кеңістігінде пайдалану көзделіп отыр.

Агенттік жетекшісі Джаред Айзекман бұл бастамалардың амбициясы жоғары екенін жасырмады. Оның айтуынша, негізгі мақсат – бұрын орындалуы мүмкін емес деп есептелген міндеттерді жүзеге асыру. Соның ішінде Айда үздіксіз өмір сүру мүмкіндігін қалыптастырып, АҚШ-тың ғарыш саласындағы басымдығын нығайту бар. Ол қазіргі геосаяси жағдайда уақыт факторы шешуші рөл атқаратынын да ерекше атап өтті. Бәсеке нәтижесі енді жылдармен емес, айлармен өлшенеді.

Айдағы болашақ база бірден емес, кезең-кезеңімен жүзеге асады. Алдымен автоматтандырылған аппараттар мен роверлер арқылы қажетті технологиялар пысықталады. Кейін халықаралық әріптестердің қатысуымен бастапқы инфрақұрылым жасалады. Бұл кезеңде жапондық JAXA әзірлеген герметикалық роверлер де қолданылады. Соңғы сатыда адамдар тұрақты түрде тұратын кешен құрылады. Оған Италия дайындаған тұрғын модульдер мен Канада жасаған роверлер енгізіледі.

Айға байланысты Artemis бағдарламасы да қайта қаралып жатыр. 2027 жылға жоспарланған Artemis III миссиясы Жер орбитасындағы жүйелерді жетілдіруге басымдық береді. Ал одан кейінгі кезеңдерде Ай бетіне ұшу жүйелі сипат алып, кемінде әр алты ай сайын қайталанып отырады.

Бұдан бөлек, NASA жаңа деңгейдегі технологиялық қадамға бармақ. Freedom деп аталатын ядролық қозғалтқышы бар планетааралық аппарат алғаш рет ғарышқа жіберілмек. Жоспар бойынша, ол 2028 жылдың соңына дейін Марсқа жетіп, сол жерге Ingenuity үлгісіндегі шағын тікұшақтарды жеткізеді. Мұндай қозғалтқыш түрі күн сәулесі жеткіліксіз аймақтарда да тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Алдағы ғылыми миссиялар да ауқымды. Жақын уақытта Нэнси Грейс Роман атындағы телескоп ұшырылса, 2028 жылы Еуропалық ғарыш агенттігімен бірлескен жоба аясында Титанға бағытталған экспедиция іске асады. Сонымен қатар, Марсқа арналған Розалинд Франклин роверімен байланысты "Айнек" деп аталатын, ядролық энергиямен жұмыс істейтін сегізаяқ тәрізді құрылғы жіберу жоспарланып отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу