freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп Иранға 15 тармақтан тұратын бейбіт жоспар ұсынды

Әлем
Трамп Иранға 15 тармақтан тұратын бейбіт жоспар ұсынды
Ақ үй

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жасалып жатқан шабуылдарды тоқтату үшін 15 тармақтан тұратын жоспар ұсынып, сондай-ақ келіссөздер жүргізу мақсатында атысты бір айға уақытша тоқтату бастамасын көтерді, деп хабарлайды Anadolu.

Бұл туралы 12-арна аты-жөні аталмаған израильдік дереккөздерге сүйене отырып хабарлады.

Дереккөздердің мәліметінше, АҚШ Иранмен шиеленісті азайтуға бағытталған ұсыныс дайындаған.

Хабарларға қарағанда, бұл жоспар Тегеран қаласына Пәкістан арқылы жеткізілген.

Материалда Иранға қарсы шабуылдарды тоқтатуға бағытталған жоспардың ықтимал шарттары да келтірілген.

Атап айтқанда, жоспарға Иранның ядролық әлеуетін жою, Тегеранның ядролық қару жасауға ұмтылмау міндеттемесі, сондай-ақ Исфахан, Натанз және Фордо нысандарындағы ядролық объектілерді пайдаланудан шығару сияқты талаптар енгізілген.

Сонымен қатар, Иранға ел ішінде уран байытуды тоқтатып, 60 пайызға дейін байытылған уранды Халықаралық атом энергиясы агенттігіне (МАГАТЭ) беру ұсынылғаны айтылды.

Ақпаратқа сәйкес, шарттар қатарында Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қалпына келтіру, Иранның зымыран бағдарламасына қашықтық пен саны бойынша шектеулер енгізу, сондай-ақ Тегеранның аймақтағы «прокси-күштерді» қолдауын тоқтату талаптары да бар.

Оның орнына Иранға қарсы санкцияларды алып тастау көзделген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу