Қытай мен Ресей өзара кеңесті

Оның сөзінше, Ресей тарапы БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымдарының жарғыларындағы көп жақты келісімдерді бұлжытпай орындайды.

Аялдар Күнтуған

  • 13.11.2024

                           Фото: Жэньминь Жибао

12 қараша күні Қытай астанасы Бейжің қаласында Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы С.Шойгу Қытай мен Ресейдің стратегиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңесіне қатысып, екі жақтың ортақ мүддесі бар қауіпсіздік мәселелер бойынша пікір алмасқан. Бұл жөнінде Қытайдың Жэньминь Жибао (Халық газеті) басылым хабарлады.

Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И биыл Қытай мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 75 жыл толатынын, ал Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путиннің биылғы жылдың басынан бері үш кездесу өткізгенін, онда бірқатар стратегиялық жоспарлар жасалғанын атап өтті. Ол стратегиялық өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына тоқталған.

Ван И Қытай Ресеймен қарым-қатынасының жоғары деңгейде сақталуын қалайды. Қытай тарапы әрқашан  халықаралық мәселелерге назар аударып, жаһандық стратегиялық тұрақтылықты бірлесіп қорғауға дайын. С.Шойгу екі ел басгшылары қол жеткізген уағдаластықты жүзеге асырудың маңыздылығын айтты. Оның сөзінше, Ресей тарапы БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымдарының жарғыларындағы көп жақты келісімдерді бұлжытпай орындайды. Ол сондай-ақ БРИКС ұйымының да маңыздылығын атап һткен.

АҚШ билігіне Трамп келгеннен соң Ресей мен Қытай қауіпсіздік мәселесін жиі сөз ете бастады. Батыс елдері Ресейді БҰҰ жарғыларын жиі бұзады деп сынайды. Қытайды да БҰҰ-ның жарғыларын сақтауға шақырып келеді.

Байланысты жаналықтар

АҚШ Киевке 725 миллион доллар көлемінде көмек береді

03.12.2024

Украина ресейлік әскерлердің тұтқындарды ату оқиғасын тергеп жатыр

29.11.2024

Ресей Американың екі бомбалаушы ұшағын ұстады

27.11.2024

Бір адамға бір бөлке - Украинада туыстары бар қазақстандықтар не дейді?

07.03.2022
MalimBlocks
АҚШ Киевке 725 миллион доллар көлемінде көмек береді

Украина ресейлік әскерлердің тұтқындарды ату оқиғасын тергеп жатыр

Ресей солдаттарының тұтқындарға жасаған аяусыз репрессияларының саны артып келеді.

Ресей Американың екі бомбалаушы ұшағын ұстады

Ресей 2022 жылы Украинаға басып кірген соң 2023 жылы Финляндия НАТО-ға қосылды.

Бір адамға бір бөлке - Украинада туыстары бар қазақстандықтар не дейді?

6 наурыз күні Алматыда Украинаға соғысқа қарсы өткізілген митингіге Украинадағы туыстарын қолдай келгендермен сөйлесіп көрдік.