Қытай үш америкалықты босатты

Свидан есірткі тасымалдады деген айыппен өлім жазасына кесілген, ал Ли мен Люн тыңшылық жасады деген айыппен түрмеде отырды

Аялдар Күнтуған

  • 28.11.2024

                             Фото: travel.mts.ru

АҚШ үкіметі үшеуінің де негізсіз қамауға алынғанын анықтаған. Свидан есірткі тасымалдады деген айыппен өлім жазасына кесілген, ал Ли мен Люн тыңшылық жасады деген айыппен түрмеде отырды, деп хабарлады «Америка дауысы».

Ақ үй сәрсенбіде Қытайда жылдар бойы қамауда болған үш америкалық босатылды және Америка Құрама Штаттарына оралады деп хабарлады.

«Біз Марк Свидан, Кай Ли және Джон Люнның Қытай Халық Республикасындағы қамаудан босатылғанын қуана хабарлаймыз», – деді Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі.

Бұл қаңтарда қызметінен кететін президент Джо Байденнің дипломатиялық жеңісі. Үшеуінің босатылуымен «Қытайда негізсіз ұсталған барлық америкалықтар қайтарылды», деп қосты баспасөз хатшысы.

«Олар көп ұзамай елге оралып, көп жылдан соң алғаш рет отбасыларымен қауышады», – деді баспасөз хатшысы.

АҚШ ресми өкілінің айтуынша, Байден мен оның көмекшілері Бейжіңде ұсталған үш америкалықтың мәселесін бірнеше рет көтерген. Осы айдың басында Перуде өткен жыл сайынғы Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті аясындағы соңғы кездесуінде Байден Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен сөйлесіп, оларды елге қайтаруды талап еткен.

Байден президент болғалы бері бүкіл әлем бойынша негізсіз қамауға алынған 70-тен астам америкалықты отбасымен қауыштырды. Оннан астам елде 40-тан көп адам кепілде немесе әділетсіз қамауға алынған, дейді құқық қорғаушылар.

Байланысты жаналықтар

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

19.05.2025

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

19.05.2025

Трамп Украинадағы соғыстың басталуына үш адамды кінәлады

15.04.2025

Джо Байден қызметінен кетерде Мессиге медаль табыстайды

09.01.2025

Байден Иордания королімен Асад режимі құлағаннан кейінгі аймақтағы жағдайды талқылады

10.12.2024

Соңғы аптадағы негізгі оқиғалар

22.11.2024
MalimBlocks
АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

Трамп Украинадағы соғыстың басталуына үш адамды кінәлады

Ол бұған Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден және Украина президенті Владимир Зеленский кінәлі деп айыптады

Джо Байден қызметінен кетерде Мессиге медаль табыстайды

Қаңтар айының соңында Байденнің саяси қызметі аяқталады

Байден Иордания королімен Асад режимі құлағаннан кейінгі аймақтағы жағдайды талқылады

Соңғы аптадағы негізгі оқиғалар

Соңғы аптадағы негізгі оқиғалар