Қытайтанушы Сыроежкин: Мені Мәсімов тікелей бақылап отырды

Аялдар Күнтуған

  • 24.01.2025

Белгілі саясаттанушы, қытайтанушы, 2019 жылдың күзінде «мемлекетке опасыздық жасағаны үшін» 10 жылға сотталып, 2024 жылы сәуірде бостандыққа шыққан Константин Сыроежкин Orda.kz сайтына сұхбат берді деп хабарлайды www.malim.kz.

Өткен жылдың қыркүйегінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қытайтанушы ғалымды кешіру туралы жарлыққа қол қойғаны белгілі болды. Ол сұхбатында өзінің басынан өткен оқиға туралы және Кәрім Мәсімовпен қандай байланысы барын айтты.

Қытай туралы

«Си Цзиньпин коррупцияға қарсы күресті бастады, бірақ бұл күрес партияны фракциялар мен кланнан тазарту сияқты болды. Ол осы қадамға баруға мәжбүр болды, бірақ бұл үшін бес жылын жоғалтты, өйткені өз командасы жоқ болса, кез келген бастама сәтсіздікке ұшырайды», – деп түсіндірді Сыроежкин.

Қазақстан мен Қытайдың сот  жүйесі туралы да айтты.

Сыроежкиннің пікірінше, Қазақстанда сот жүйесі жиі жұмыс істемейді. «Қытайда соттар негізінен дұрыс жұмыс істейді. Адамды қамауға алғанда немесе сотқа берілгенде, мұның себептері дәлелденеді. Ал Қазақстанда шешімдердің орындалуын қадағалау жоқ, сондықтан шенеуніктер өздерінің жазасыз қалатынын сезінеді», – деп атап өтті ол.

Құпия істер мен Мәсімов

Қазақстанда соңғы уақытта бірнеше даулы істердің соты «мемлекеттік құпия» деп белгіленген. Бұл қатарда бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтың ісі, Назарбаевтың туысы Самат Әбіштің және «Дики Арман» лақап атымен белгілі тұлғаның істері бар.

«Менің ойымша, Мәсімовтің ісі мен басқа да процесстер ашық болуы тиіс. Адамдар не үшін және неге сотталып жатқанын білуі керек», – деді Сыроежкин.

Сыроежкин өз ісінде Кәрім Мәсімовтің қандай рөлі болғанын түсінбейтінін айтты. Ол Мәсімов тікелей өзі қытайтанушының жұмысын бақылағанын, бірақ екеуара кездеспегенін және қандай да бір мәселе бойынша ақылдаспағанын атап өтті.

Оның айтуынша, Мәсімов премьер-министр болғанда көптеген мәселелерге қол қойған, соның ішінде кейін ірі жемқорлыққа айналған елордадағы LRT жобасы да бар.

Қытай мен Қазақстан арасындағы «мемлекеттік опасыздық»

Сыроежкин өзінің ісінде тек Қытайға қатысты күдік бар екенін, бірақ мұның ешқандай құпияға жатпайтынын айтты. Ол көптеген мақалалар жазған және ғылыми жұмыстарда халықаралық байланыстарда жұмыс істеген, бірақ бұл заңды жұмыс екенін, мемлекеттік құпияны бұзбағанын айтты.

Фото: Orda.kz

Байланысты жаналықтар

Жәкішев Мәсімовтің зәулім үйін сатып алғаны рас па?

27.03.2025

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі тағы аукционға қойылды

12.03.2025

Астанада Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі сатылмай қалды

25.02.2025

Олигарх Клебанов Қазақстанда қалай байыды?

19.02.2025

Кәрім Мәсімовтің үйін сатылымға шығарды

10.02.2025

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды

15.08.2024
MalimBlocks
Жәкішев Мәсімовтің зәулім үйін сатып алғаны рас па?

Ресейлік БАҚ-тар қазақстандық кәсіпкер Мұхтар Жәкішев Кәрім Мәсімовтің үйін сатып алды деген ақпаратты таратты

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі тағы аукционға қойылды

Оның бастапқы бағасы - 1,8 млрд теңге.

Астанада Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі сатылмай қалды

Үйдің құны 1,8 млрд теңгеге бағаланған

Олигарх Клебанов Қазақстанда қалай байыды?

Ол заңсыз жекешелендірген байлық мемлекетке қайта ма?

Кәрім Мәсімовтің үйін сатылымға шығарды

Нысанның бастапқы бағасы 1,8 млрд теңгені, кепілдік жарна – 117,9 млн теңгені құрайды. Сатылым 25 ақпан күні сағат 10.00-де өтеді. 

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды