Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Рада Украинадағы мобилизация мен әскери жағдайды ұзартуды мақұлдады

Саясат
Рада Украинадағы мобилизация мен әскери жағдайды ұзартуды мақұлдады

Украинаның жоғарғы радасы сейсенбіде елдегі әскери жағдай мен жалпы мобилизацияны 90 күнге, яғни 9 қарашаға дейін ұзартуды қолдады. Бұл туралы украин парламентінің өкілі Ярослав Железняк мәлімдеді. 

«Парламент соғыс жағдайын 90 күнге ұзартуды қолдады. Тиісінше 12 тамыздан 9 қарашаға дейін ұзартылады. Соғыс жағдайын жалғастыру үшін 339 дауыс берілді. Әрі қарай, тек Владимир Зеленскийдің қолы қажет»,-деп жазды ол өзінің телеграм арнасында.

Бұған дейін Владимир Зеленский Радаға елдегі әскери жағдай мен мобилизацияны ұзарту туралы заң жобаларын енгізген еді.

Украинада 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап әскери жағдай режимі енгізілді. Келесі күні Владимир Зеленский жалпыға бірдей мобилизация туралы жарлыққа қол қойды. Содан бері ол бірнеше рет ұзартылды.

Ресей 2022 жылдың 24 ақпанында Украинада арнайы әскери операция бастады. Ресей президенті Владимир Путин бұл операцияның мақсатын «8 жыл бойы Киев режимі тарапынан зорлық-зомбылық пен геноцидке ұшыраған адамдарды қорғау» деп атады. Ол арнайы операцияның мәжбүрлі шара екенін айтты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу