Ресей түнімен «Шаһит» дронымен шабуылдады
«Энергетиктер мен құтқарушылар шабуылдың салдарын жоюда. Суды жинап, телефондарыңызды зарядтаңыз. Толық ақпарат кейінірек белгілі болады»
Фото: inbusiness.kz
Ресей түнімен «Шахед» дрондарымен Киев, Староконстантинов, Житомир, сондай-ақ, Тернопольге шабуылдап, электр желілері үзіліп, бірнеше жарылыс болған, деп хабарлайды ВВС-ге сілтеме жасап, www.malim.kz.
Киевте әуе шабуылы туралы ескерту жарияланды: бақылау арналары астананың солтүстік бөлігінде қатты жарылыс болғанын және оған әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің тойтарыс бергенін айтты.
Тернопольде «шаһад» электр желісі нысанын соғып, қаланың бір бөлігінде электр жарығы үзілгенін қала мэрі хабарлады.
«Энергетиктер мен құтқарушылар шабуылдың салдарын жоюда. Суды жинап, телефондарыңызды зарядтаңыз. Толық ақпарат кейінірек белгілі болады», – деп жазды мэр Сергей Надаль өзінің Telegram-арнасында.
Украина дрондары Ресейдің Брянск облысына шабуылдағаны айтылды.