Сайлауға ит, мысықты алып баруға бола ма?

Алдын ала қам жасағаныңыз жөн

Malim Админ

  • 17.11.2022

«Сайлауға үй жануарларын алып баруға бола ма?».  Сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова журналистердің  сауалына жауап берді.   

«Дауыс беру күні сайлау учаскесіне итпен келуге тыйым салынады, өйткені біздегі сайлау учаскелерінің басым бөлігі оқу орындарында орналасқан. Үй жануарларын оқу орындарына кіргізуге болмайды. Сондықтан, дауыс беру күні сайлау учаскесінде ешбір қиындық болмас үшін үй жануарыңызға алдын ала қам жасағаныңыз жөн. Сондай-ақ үй жануарларын серуендету ережелері де бар»,- деп жауап берді Асанова.

Сонымен қатар ол сайлау учаскелерінің барлық мүшелері стандартты емес ықтимал жағдайларға дайын болуы керектігін айтты.
Тұрғылықты тіркеуі жоқ алматылықтар үшін 20 қараша күні 55 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. 
Айта кетейік, мегаполисте 1 миллион 170 мыңнан астам адам дауыс бере алады.      

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025
MalimBlocks