"Саяси тұтқын" Елшібаевтың жарақатпен ауруханаға түскені хабарланды

Malim Админ

  • 16.07.2021

Қызылордадағы ЗК -169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан саяси тұтқын Ержан Елшібаевтың қарсылық ретінде өзін жарақаттап, ауруханаға түскені хабарланды.

Шілденің 15-інен 16-ына қараған түні Ержан Елшібаевтың асқазанына ота жасалған. Ол қарсылық ретінде ішін тіліп тастаған. Бұның алдында сот оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмаған.

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook желісінде адам құқықтары бойынша омбудсмен Элвира Әзімованы Ержан Елшібаев отырған түрмеге кіріп шығуша үндеді.

«Дәл қазір Ержан Елшібаевтың ішін тіліп ауруханаға түскені хабарланды. Тез арада Қызылорда қаласынан адвокат қажет. Біз Ержанның неге қарсылық жасағанын, қазіргі жағдайы қандай екенін және қандай көмек керек екенін білмейміз. Элвира Әзимова, сізге оған жеке барып қайтуыңызды сұраймын. Ержан ЗК -169/5 мекемесінің әкімшілігі тарапынан қысым көруде», - деп жазды Төреғожина.

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының журналисі Инга Иманбай Ержан Елшібаевқа Қызылордадан адвокат табылғанын айтты. Оның сөзінше, қазір Елшібаевтың қайда екені белгісіз, адвокат  кездесу үшін оның қайда екенін іздестіріп жатыр.

«Қазір Елшібаевтың қайда екені белгісіз. Ауруханада жоқ. Адвокат онымен кездесу үшін іздестіріп жатыр», - деді Иманбай.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Елшібаевтың жарақаттануына байланысты мәлімдеме жасады. Онда оған жазасын өтеуі кезінде 6 рет жазалау шарасы қолданылғаны жөнінде және теріс мінез-құлықты деп анықталғаны жөнінде айтылған. 

Департамент таратқан мәлімет бойынша, Елшібаев сол қылының білек тұсын кафель сынығымен кесіп, жарақаттаған. Елшібаевты қараған медицина қызметкерлері  "жағдайы жақсы" деп бағалаған. 

«2021 жылдың 01-15 шілде аралығында аталған сотталған тарапынан өзінің сол қолының білек тұсына кафел сынығымен жарақат салу дерегі орын алып, мекеменің медицина қызметкерлерімен қаралды, жағдайы «жақсы» деп бағаланған. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 15 шілдесінде жедел жәрдем бригадасы шақыртып, ол Қызылорда облысының облыстық медициналық орталығына жеткізіліп, дәрігерлермен қаралып, алғашқы медициналық көмек ретінде жара орны өнделіп, тігіс салынды. Қазіргі таңда жалпы жағдайы қанағаттанарлық, стационарлық емді қажет етпейді. Мекеменің медицина бөлімі қызметкерлерінің бақылауына алынған», - делінген мәлімдемеде.

Ержан Елшібаевты 2019 жылы Жаңаөзен қаласының соты 5 жылға бас бостандығынан айырған. Ол бұған дейін Жаңаөзендегі жұмыссыздар мәселесін көтерген. Құқық қорғаушылар мен Елшібаевтың өзі істің саяси астары бар деп есептейді. Құқық қорғаушылар Елшібаевты «саяси тұтқын» деп таныған. Биыл БҰҰ-ның жұмыс тобы Қазақстан билігін Ержан Елшібаевты түрмеден босатуға шақырған. Бірақ билік оған ешқандай реакция білдірмеген.

Байланысты жаналықтар

Қызылордадағы секс құлдық. Күдіктілердің бесеуі жасөспірім

21.10.2024

16 жастағы оқушыны зорлау ісі. 13 адам ұсталды

19.09.2024

Жезқазған-Қызылорда автожолы қашан аяқталады?

23.08.2024

Қызылордада тісін емдеткен бала мүгедек болып қалды

23.08.2024

Есірткі таратқан қызылордалық тұрғын 10 жылға сотталды

21.08.2024

Қызылордада 16 жастағы қызды зорлады деген айыппен екі күдікті ұсталды

15.08.2024
MalimBlocks
Қызылордадағы секс құлдық. Күдіктілердің бесеуі жасөспірім

Қылмыстық іске қатысы бар 9 адам қамауда отыр

16 жастағы оқушыны зорлау ісі. 13 адам ұсталды

Тағы екі адам үйқамақта

Жезқазған-Қызылорда автожолы қашан аяқталады?

Қызылордада тісін емдеткен бала мүгедек болып қалды

Оның тісін орта медициналық білімі бар стоматолог жұлып тастаған

Есірткі таратқан қызылордалық тұрғын 10 жылға сотталды

Ол мобильді қосымша арқылы тапсырыс қабылдап, синтетиканы қала ішіндегі жасырын жерлерге салып отырған

Қызылордада 16 жастағы қызды зорлады деген айыппен екі күдікті ұсталды

Белсенді Айсана Әшім күдіктілердің нөміріне 1000-нан астам ер адам ақша аударғанын жазды