Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тимур Құлыбаев қызметінен кетті

Саясат
Тимур Құлыбаев қызметінен кетті

Тимур Құлыбаев бүгіннен бастап "Атамекен" ҰКП төрағасы қызметінен кетті.

Құлыбаев бүгін "Атамекен" ҰКП президиум мүшелеріне үндеу жасап, өкілеттігін доғаратыны туралы мәлімдеді.

"Құрметті әріптестер! Бүгіннен бастап мен "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасының сайланған төрағасы өкілеттігін доғаруды ұйғардым. Маған сенім білдіргені үшін съезд делегаттары мен төралқа мүшелеріне алғыс айтқым келеді. Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының жоғары бақылау органын басқару мен үшін сегіз жыл бойы үлкен құрмет пен жауапкершілік болды", - делінген үндеуде.

Тимур Құлыбаев - Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Назарбаеваның күйеуі. 

Айта кетейік, Тимур және Динара Құлыбаевтар Forbes тізімі бойынша Қазақстанның ең бай адамдар тізімінде көш бастап тұр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу