Тоқаевпен кезіккен отандық бизнес акулалары кімдер?

Malim Админ

  • 12.02.2025

2025 жылы 7 ақпанда Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесті. Бұл адамдар іс жүзінде елді басқарып отыр, олардың қызметі Қазақстан халқы өмірінің әр саласын қамтиды. Бұл туралы Orda.kz сайты жазды.

Сайт Тоқаевтың қонақтарының жиынтық капиталыны санап, олардың қатарындағы танымал емес тұлғалар туралы баяндаған.

Отандық бизнес акулаларының тізімі:

Вячеслав Ким – Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы. Байлығы 5,8 млрд доллар;

Тимур Құлыбаев – «Алмэкс» холдингі арқылы Halyk Bank-тің 69,67 % үлесінің ортақ иесі. Байлығы 5 млрд доллар;

Үміт Шаяхметова – Halyk Bank басшысы;

Болат Өтемұратов – ForteBank-тің мажоритарлық акционері – 2,7 млрд доллар;

Тимур Турлов – Freedom Holding Corp негізін қалаушы және мажоритарлық акционері – 3,3 млрд доллар;

Сергей Кан – «Орталық Азия энергетикалық корпорациясының» акционері – 292 млн доллар;

Алмас Мыңбаев – Nomad Life және Nomad Insurance сақтандыру компанияларының иесі және директорлар кеңесінің төрағасы – 292 млн доллар;

Андрей Лаврентьев – Allur Group директорлар кеңесінің төрағасы, QARMET кәсіпорнының акционері. Оның жеке капиталының нақты бағасы ашық дереккөздерде жоқ. 2023 жылы Forbes рейтингінде Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендері арасында 26-орында болды;

Сергей Павлингер – «Проммашкомплект» компаниясының даму жөніндегі директоры;

Нұрлан Смағұлов – Astana Group негізін қалаушы және иесі – 980 млн доллар;

Еркебұлан Ілиясов – Alageum Electric директорлар кеңесінің төрағасы;

Айдын Рахымбаев – BI Group мажоритарлық акционері және директорлар кеңесінің төрағасы – 886 млн доллар;

Фаррух Махмудов – Orbis Kazakhstan негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы – 375 млн доллар;

Бахаридин Аблазимов – «ҚазАзот» директорлар кеңесінің төрағасы – 305 млн доллар;

Данияр Абулғазин – Qazaq Oil, SinoOil және Gas Energy жанармай құю станциялар желілерінің иесі – 380 млн доллар;

Арсен Томский – InDrive негізін қалаушы және акционері – 920 млн доллар;

Эдуард Огай – Kazakhmys Holding директорлар кеңесінің төрағасы – 800 млн доллар;

Қайрат Мәжібаев – RG Brands мажоритарлық акционері және директорлар кеңесінің төрағасы – 187 млн доллар;

Александр Белович – Bazis-A корпорациясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы;

Бақытбек Байсеитов – ЦентрКредит Банкінің мажоритарлық акционері – 376 млн доллар;

Айдан Кәрібжанов – Visor Kazakhstan мажоритарлық иесі – 198 млн доллар;

Ерлан Сүлейменов – «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің құрылтайшысы және бас директоры;

Сергей Барон – Қарағанды фармацевтикалық кешенінің бас директоры;

Юрий Цхай –бизнесмен және бұрынғы сенат депутаты;

Әнуар Ұшбаев – Tengri Partners басқарушы серіктесі;

Райымбек Баталов – «Атамекен» ҰКП басшысы.

Фото: orda.kz

Байланысты жаналықтар

Назарбаевтың қызының байлығын Швейцария прокуратурасы тексеріп жатыр

12.02.2025

Көк базар кімдікі?

08.11.2024

Тимур мен Динара Құлыбаевтар «Altyn Bank»-ті сатып алды

10.06.2024

Тимур Құлыбаевтың әкесіне тиесілі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды

04.06.2024

Ресейде қазақстандық миллиардер Турловтың активтері тәркіленді 

18.03.2024

Назарбаевтың туыстары тағы да байып кетті

11.05.2023
MalimBlocks
Назарбаевтың қызының байлығын Швейцария прокуратурасы тексеріп жатыр

Жақында олигарх пен мемлекет арасында миллиард долларлық мәміле болуы мүмкін екені хабарланды. Ал дәл осы уақытта Швейцарияда Динара Құлыбаева сарайына қатысты тергеу басталды. Бұл кездейсоқтық па? Немесе бұл оқиғада Қазақстанның ықпалы болуы мүмкін бе?

Көк базар кімдікі?

Қазір тарихи сауда нысаны коммерциялық жылжымайтын мүлікпен айналысатын ірі инвестициялық холдинг «Mercury properties» ЖШС-ның иелігінде

Тимур мен Динара Құлыбаевтар «Altyn Bank»-ті сатып алды

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлім етті.

Тимур Құлыбаевтың әкесіне тиесілі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды

Бұл компания шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қойған.

Ресейде қазақстандық миллиардер Турловтың активтері тәркіленді 

Назарбаевтың туыстары тағы да байып кетті

Forbes әдеттегідей Қазақстандағы ең бай адамдардың тізімдерін ұсынды.