Астанада Турловқа тиесілі компания кеңсесінде тінту жүргізілді

Астанада Akashi Data Center PLC компаниясының кеңсесінде тінту жүргізілді. Бұл компанияның бенефициарларының бірі — ресейлік кәсіпкер, Freedom Holding Corp. директоры Тимур Турлов, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі KazTAG-қа сілтеме жасап.
18 сәуірде тінту Abu Dhabi Plaza ғимаратында орналасқан кеңседе өтті. Ақпарат көзінің мәліметінше, шаралар аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында жүргізілген. Тергеу барысында компанияның қаржылық және корпоративтік құжаттары тексерілген.
Астананың полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
"Байқоңыр ауданының полиция басқармасында бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында тінту сот санкциясымен жүргізілді", – деп хабарлады ведомстводан.
Компания туралы не белгілі?
Компанияның ресми сайтында бас директор ретінде Стас Машагин көрсетілген. Ол — Турловтың бизнес-серіктесі. Бұған дейін оның есімі KazTAG-та бірнеше рет аталған. 2024 жылғы наурызда Ресейдің Депозиттерді сақтандыру агенттігі (АСВ) Турловтан активтерді Ресейден шығаруға байланысты келтірілген шығындарды өндіруді талап еткені хабарланған.
Сол кезде Турлов АСВ мәліметтерін "сыбыс" деп атап, өзіне тағылған айыпқа таңғалған. 18 наурызда оның активтері тәркіленгені белгілі болды. 20 наурызда журналист Михаил Козачков Турлов пен Машагин Қазақстанда бірлескен жобаны жүзеге асырып жатқанын жазды.
2024 жылғы ақпанда KazTAG Турловтың Қазақстанның Даму банкінен деректерді өңдеу орталығына (ЦОД) қаржы сұрағанын хабарлаған еді. Әңгіме дәл осы AKASHI DATA CENTER PLC туралы болған. Ол кезде компанияның бенефициарлары ретінде: Тимур Турлов, Ольга Баскакова, Станислав Машагин және Алексей Бурнашев көрсетілген.
Еске салайық, наурыздың ортасында KazTAG агенттігінің ақпаратына сәйкес, 2024 жылғы тамызда "Фридом Финанс" АҚ-да атқарушы директор қызметін атқарған В. Световойға қатысты ішкі қызметтік тексеру басталған. Ақпаратқа сәйкес, тексеру нәтижесінде Световой өз лауазымын және клиенттердің сенімін асыра пайдаланып, клиенттермен жеке мүліктік қатынасқа түскені, ақша аударымдарын компания шотына емес, тікелей өзіне аударуға кеңес бергені анықталған. Ол қаржыны инвестициялауға емес, жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде қарыздарын өтеуге жұмсаған. Бұл әрекеттерді ол басшылықтың хабарына жеткізбестен өз бетінше жасағаны көрсетілген. Ақпаратқа сәйкес, 2024 жылғы тамызда тексеру нәтижесінде Световой беделге нұқсан келтірген себептермен жұмыстан босатылған. KazTAG-тің қолына тиген деректерге сай, тергеу материалдары қылмыстық қудалау үшін құқық қорғау органдарына берілген.
3 сәуірде бұл ақпараттың көп бөлігі «Фридом Финанс» компаниясының өзінен шыққан болуы мүмкін, яғни олар тексеру жүргізіп жатқандай болып, бақылаушы органдар алдында есеп беру мақсатында әрекет еткен.
KazTAG редакциясы 17 наурызда осы жағдай бойынша "Фридом Финанс" баспасөз қызметінен пікір сұрағанымен, олардан әлі жауап алынбаған.
Ал 26 наурызда редакция сұранысына Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) жауап беріп, онда топ-менеджердің алаяқтық әрекеттеріне байланысты салымшылардың шағымдары негізінде "Фридом Финансқа" қатысты тексеру басталғанын хабарлаған.
"Фридом Финанс" — ресейлік кәсіпкер Тимур Турлов негізгі акционері саналатын Freedom Holding Corp. құрамына кіреді. Айта кетейік, компания өткір мәселелер бойынша сұраныстарды елемеуді қалыпты жағдайға айналдырған.
Фото: digitalbusiness.kz

Ең көп оқылған
