Халық банк Құлыбаевтарға шамамен 223 млрд теңге дивиденд төлейді

Халық банк акционерлерінің 30 сәуірдегі жылдық жиналысында 2024 жыл үшін қарапайым акциялар бойынша 323,5 млрд теңге дивиденд төлеу туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Kursiv.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, ақшаның көп бөлігін Тимур мен Динара Құлыбаевтар алады.
KASE мәліметінше, дивиденд төлеу туралы шешім «сырттай дауыс беру» нәтижесінде қабылданған. Бір қарапайым акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері – 29,64 теңге. Банк акционерлеріне төленуге тиісті дивидендтер сомасы – 323 490 914 502,60 теңгеден аспайды.
Акционерлерге тиесілі ақшаны төлеу 22 мамырда басталады. Дивиденд алуға құқығы бар акционерлер тізімі 5 мамырда дайындалады.
Қор биржасының мәліметінше, Халық банктің қарапайым акцияларының 69,77%-на Holding Group Almeks JSC компаниясы иелік етеді. Ол Тимур мен Динара Құлыбаевтарға тиесілі. Сол себепті Құлыбаевтар отбасы қаржы мекемесінен шамамен 223 млрд теңге дивиденд алады.
Қарапайым акциялардың 28,11% номиналды ұстаушысы – The Bank of New York. Бағалы қағаздар Лондон қор биржасында (LSE) жаһандық депозитарлық қолхат (GDR) түрінде саудаланады.
Халық банк (Halyk Bank) 2024 жылы 921 млрд теңге таза пайда тапты.
Ерлі-зайыпты Тимур мен Динара Құлыбаевтар отбасының ортақ байлығы 10 млрд доллардан асып кетеді. Forbes тізімінде бұл екеуі 5,3 млрд доллармен 5-6-орындарды бөлісіп тұр. Әрқайсының дәулеті 2024 жылы 0,3 млрд долларға артқан.
Фото: arbatmedia.kz
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Назарбаевтың қызының байлығын Швейцария прокуратурасы тексеріп жатыр
Жақында олигарх пен мемлекет арасында миллиард долларлық мәміле болуы мүмкін екені хабарланды. Ал дәл осы уақытта Швейцарияда Динара Құлыбаева сарайына қатысты тергеу басталды. Бұл кездейсоқтық па? Немесе бұл оқиғада Қазақстанның ықпалы болуы мүмкін бе?