Тоқаевтың бұрынғы әріптесі Орталық сайлау комиссиясына келді

Malim Админ

  • 30.04.2020

Сенат аппаратының бұрынғы басшысы Серік СЫДЫҚОВ Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болды. Бұл туралы Kaztag.kz-ке сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.

Сенат төрағасы Дариға НАЗАРБАЕВАНЫҢ ұсынысымен депутаттардың бір ауызды қолдауымен шауып өткен Сыдықовтың негізгі қызметі Сенатта өтіп келеді. Сенатта 1996 жылдан бастап Сараптама бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Әкімшілік бөлімінің меңгерушісі сияқты қатардағы қызметтер атқарып келеді де, 2007 жылы қазіргі президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ төраға болып келгенде қызметі өрлей бастайды.  Осы жылдан бастап Парламент Сенаты аппараты басшысының орынбасары, бірінші орынбасары қызметін атқарады.

Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарып келген соң, қайтадан бұрынғы қызметіне сайланады да, көп ұзамай 2016 жылы Сыдықовты өз Парламент Сенаты аппаратының басшысы етіп тағайындайды. Бұл орында 2020-ға дейін табан аудармай отырған Сыдықов жақында ғана Сенат төрағасының кеңесшісі қызметіне бекітілген.

«25 жылдан бергі сенаттағы тәжірибесі ОСК-де де пайдалы болады» деп Назарбаева да сенім артыпты. 25 жылының 11-12 жылын Тоқаевтың жанында өткізген Серік Сыдықов жақын арада ОСК төрағасы болып шыға келсе таңғалуға болмайды. Өйткені, ережеге сәйкес «Ортсайлаукомның екі мүшесін бес жыл мерзімге Парламент Сенаты; екі мүшесін бес жыл мерзімге Парламент Мәжілісі тағайындаса, төрағасы мен тағы екі мүшесін бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды ғой...

Байланысты жаналықтар

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

09.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады