Үкімет отставкасы. Мамин кетті, Смайылов келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қаңтар күні
Қазақстан Республикасының Үкіметі отставкасын қабылдады.
Akorda.kz сайты бұл хабарды былай жазды:
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі».
Айта кету керек, үкіметті отставкаға жіберген бұл қаулы бірнеше қаладағы қарсылық, наразылық шараларынан кейін жарық көріп отыр.
Газ бағасының қымбаттауынан шыққан наразылықтың соңы Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында төтенше жағдай енгізілумен ұласты. Президент жарлығы бойынша, 5 қаңтар мен 19 қаңтар аралығында Маңғыстау облысы мен Алматы қаласы төтенше жағдай режимінде болады.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы
Неге бұлай болды, неге адамдар өзіне қол жұмсайды, неге наразылыққа шыға береді, неге зейнет жасын төмендетуді сұрайды, неге жәрдемақыны көтеруді талап етеді деген зерттеулер жүргізілмейтін, тек әр оқиғаның салдарымен ғана күресетін және шамасы келгенше жылы жауып тастауға тырысатын мемлекетте тағы бір жылды өткіздік...