Ұшақ, ұшақ, Батькадан әрі кет!

Еуроодақ пен Ұлыбритания әуе компаниялары Беларусь әуе кеңістігімен ұшпайтын болды

Malim Админ

  • 25.05.2021

Еуроодақ елдері Беларуське қарсы санкция қабылдамақ. Беларусьтің "Бельавиа" әуе компаниясына Еуроодаққа кіретін 27 елдің әуе кеңестігін пайдалануға тыйым салынбақ. Еуроодақ Еуропаның барлық әуе компанияларын Беларусь арқылы ұшпауға шақырған. Айта кетініні, қазірдің өзінде көптеген әуе тасымалдаушылары Беларусьтің әуе кеңістігімен ұшпай, айналып өтуде.

Сондай-ақ Еуроодақ Беларусьтен журналист Роман Протасевич пен оның қызын дереу босатуды талап етті. Еуроодақ Беларусь шенеуніктері мен ұйымдарына таяуда санкция салмақ.

Ұлыбритания Беларусьтің "Белавиа" ұлттық компаниясына әуе кеңістігін бірден жауып тастап, өз аумағы арқылы ұшырмайтынын, өз аумағындағы әуежайға қондырмайтынын мәлімдеді. Ұлыбританияның көлік министрі Грант Шаппс "Белавианың" Лондондағы Гэтвик әуежайына күнделікті рейстерін тоқтатып тастады. Сонымен қатар британдық әуе компаниялар Беларусьтің әуе кеңістігімен ұшпайтынын айтты. Министрдің айтуынша, Ryanair ұшағын мәжбүрлеп қондыру мен Роман Протасевичтің ұсталуына Ресей арнайы қызметінің қатысы болуы мүмкін.

Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Доминик Рааб Беларусь елшіссін шақырып алып сөйлесті. Минск халықаралық құқықты бұзғаны үшін Ұлыбритания Лукашенкоға санкция салатынын жеткізді.

Германияның Lufthansa, Латвияның Air Baltic, Венгрияның Wizz Air, Польшаның LOT, Нидерландының KLM және Швецияның SAS әуе компаниялары дүйсенбі күні-ақ Беларусь аспанымен ұшуды тоқтатты. Ал Литва өз елінің аумағындағы әуежайдан бет алған барлық әуе компаниясының ұшақтарына Беларусь арқылы ұшуға тыйым салды. Оны былай қойғанда, Литва билігі өз азаматтарын Беларуське бармауға, ал сол елде жүрген азаматтарын тезірек кетуге шақырды.

Украина президенті Владимир Зеленский үкіметке Беларусьпен әуе рейстерін тоқтатуды және бұл елдің әуе кеңістігімен ұшақ ұшыруға тыйым салуды тапсырды.

Қызығы, қазақстандық Air Astana әуе компаниясы 31 мамыр күні Минскіге жіберуді жоспарлаған тікелей рейсті кейінге қалдырды. Алайда әуе компаниясының айтуынша, бұған Ryanair ұшағын Минскіге күштеп қондырған оқиғаның қатысы жоқ.

23 мамырда Ryanair әуе компаниясының Грекиядан Литваға ұшып бара жатқан рейсі бағытын өзгертіп, Минскіге қондырылды. Беларусь билігі арнайы әскери ұшақ жіберіп, рейсте бомба болуы мүмкін деп Ryanair ұшағын Минскіге бұрған. Борттан бомба табылмады, ал ұшақта болған NEXTA Live Телеграм каналының құрушылардың бірі Роман Протасевичті Беларусь полициясы тұтқынады.

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті ретінде қызметіне кірісті

25.03.2025

Лукашенко 86,82% дауыс жинады – Беларусь ОСК

27.01.2025

Беларусь Президентін сайлау рәсімі өтті деп танылды

26.01.2025

Бүгін Беларусьта президент сайлауы өтіп жатыр

26.01.2025

Лукашенко жетінші мерзімге сайлауға түспекші

24.10.2024

Лукашенко шен алам деп, шекарасынан айырылып қалуы мүмкін

26.08.2024
MalimBlocks
Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті ретінде қызметіне кірісті

Александр Лукашенко жетінші рет​​​​​​​ Беларусь президенті қызметіне кірісті

Лукашенко 86,82% дауыс жинады – Беларусь ОСК

Беларусь Президентін сайлау рәсімі өтті деп танылды

Бүгін Беларусьта президент сайлауы өтіп жатыр

Бұл елдегі жетінші кезекті президент сайлауы

Лукашенко жетінші мерзімге сайлауға түспекші

Ол билікке 1994 жылы келген болатын

Лукашенко шен алам деп, шекарасынан айырылып қалуы мүмкін

Беларусь әскері Гомель облысының аумағына, Чернобыль АЭС-іне жақын маңда