"Хабар" тілшілеріне тағы да бронежилет алмақ

Malim Админ

  • 02.03.2020

"Хабар" агенттігі бронежилет пен дулыға сатып алып жатыр. Бұл туралы хабарламаны "Хабар агенттігі" ЖШС мемлекеттік сатып алулар порталында жариялаған.

"Хабар" агенттігі мемлекеттік сатып алулар порталында жариялаған хабарламаға қарағанда, телеарна тілшілері мен операторларына 1 517 858 теңгеге екі бронежилет пен екі дулыға (шлем) сатып алмақ. Техникалық ерекшелік құжатына қарағанда, "соққыға, жарықшаққа қарсы бетқалқаны бар оққа төзімді дулыға шиеленіс аймағында немесе ұрыс қимылдары өтетін орындарда тілшілерді, телеоператорларды, басқа да қызметкерлерді механикалық әсерден қорғауға арналған".

Ал "оқ тигізбейтін кеудешенің алдыңғы және арқаның артқы секциясында "Пресса" деген жазу жазылуы тиіс" делінген.

27 ақпаннан басталған тендер 5 наурыз күні аяқталады.

Қызығы, "Хабар агенттігі" оқ тигізбейтін кеудеше мен дулығаны бұған дейін, 2018 жылы бір миллионнан астам теңгеге сатып алған. Бірақ "хабарлықтардың" сол бронежилет және дулығаны киіп, ұрыс қимылдарының бел ортасынан репортаж жасап жүргенін көрмедік. Сонда "Хабар" агенттігіне бронежилет пен дулыға не үшін керек? Әлде былайғы кезде ұрыс аймағы түгіл, елдегі митингілерде төбе көрсетпейтін "Хабар" әлдебір оқиғаларға күні бұрын дайындалып, дулыға мен оқ өткізбейтін кеудешесін алдын ала сайлап қоймақ па?

Фото: ria.ru

 

Байланысты жаналықтар

Ертісбаев: Дмитрий Олейников супер профессионал

26.12.2020
MalimBlocks
Ертісбаев: Дмитрий Олейников супер профессионал