Жергілікті полиция қызметінің экс-басшысына қатысты үкім өзгерді

Зардап шеккен полиция майоры бұған келіспейді

Malim Админ

  • 24.11.2022

Шымкентте қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін жеті жылға сотталған жергілікті полиция қызметінің бұрынғы басшысы Мұхтар Бұхарбаевтың бас бостандығынан айыру мерзімі екі есе қысқарды. 


  Жергілікті полицияның атышулы бұрынғы басшысы биыл қыркүйекте кінәлі деп танылған. Енді апелляциялық сот Мұхтар Бұхарбаевты алаяқтық жасады деп айыптап, жазасын екі есеге қысқартқан. Зардап шеккен полиция майоры Азамат Айымбетов бұған келіспейді және әділдік іздеуге ниетті.

«Мен соттың жаңа үкімімен келіспеймін. Олардың айтуынша, мен Бұхарбаевтан қандай да бір қызмет сұраппын. Мен ешқандай қызмет сұраған жоқпын, бұл - біріншіден. Мен заңды түрде рота командирі болдым. Сосын «Азамат Айымбетов ондай ақшаны қайдан алды?» дейтіндерге жауап бергім келеді. Ол әкемнің ақшасы болатын. Сондықтан мен әкем мен ағамнан ақша алдым», - деді Айымбетов.     

Азамат Айымбетовті қорғаушы тарап Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірмекші. Адвокат Талғат Есімовтің айтуынша, Шымкент прокуратурасы да апелляциялық алқаның шешімімен келіспей және бас прокурордың атына өтініш әзірлеп жатыр.

«Бұл істі Антикор да, ҰҚК тергеу басқармасы да тергеді. Бірқатар куәгерден объектив жауап алынды, оның ішінде оған қарсы болған Бұхарбаевтың жүргізушісі де бар. Біз қандай алаяқтық туралы айтып отырмыз? Шымкенттің апелляциялық соты қандай алаяқтықты көрді? Мен бұған таңғалып отырмын», - деді Айымбетовтің адвокаты Талғат Есімов.  

Еске салайық, Мұхтар Бұхарбаевтың төңірегіндегі жанжал Михаил Козачковтың  телеграм арнасында  Шымкент ПД офицері - рота командирі Азамат Айымбетовтің көпшілікке видео үндеуінен кейін туындаған болатын. Жәбірленуші Қазақстан Президенті мен Ішкі істер министріне арызданған. Бұхарбаевтың қоластындағы қызметкері оны қымбат заттарды сатып алуға мәжбүрлегенін айтты. Полиция қызметкерінің мәлімдемесінен кейін іс Шымкент Антикоры бақылауына алынды.

Еске сала кетейік, 25 сәуірінде Бұхарбаев қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына  қамалған еді.

Байланысты жаналықтар

Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде апарылады   

30.03.2023

Серік Күдебаев ауруханаға түсіп, сот отырысы шегерілді  

10.03.2023

Шолақай ауылында қызды зорлап, өлтірген қылмыскерге үкім шықты 

21.02.2023

Су басқан үйден ер және әйел адамның мәйіті табылды

16.02.2023

Қаңтарда үтікпен азаптағандарға үкім оқылды

10.02.2023

Родителей старшеклассников оставили без денег в Алматы

08.02.2023
MalimBlocks
Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде апарылады   

Ол сотқа келмей қалған

Серік Күдебаев ауруханаға түсіп, сот отырысы шегерілді  

Үкім бүгін шығуы керек болатын

Шолақай ауылында қызды зорлап, өлтірген қылмыскерге үкім шықты 

8 күннен кейін қыз баланың мәйіті табылған

Су басқан үйден ер және әйел адамның мәйіті табылды

Оқыс оқиға Екібастұз қаласында болған

Қаңтарда үтікпен азаптағандарға үкім оқылды

Бұған дейін Айдын Кенжебаевтан басқасы үйқамақта болған

Родителей старшеклассников оставили без денег в Алматы

Родителей выпускников обманули на десятки миллионов тенге в Алматы, сообщает Polisia.kz. 22-летний мужчина притворился директором образовательного центра, готовящего старшеклассников к ЕНТ.