«Жомарт» шахтасындағы апаттың себебі 10 күнде анықталады - Қанат Бозымбаев

Қазір шахтада жұмыс тоқтатылды

Сабина Асқарқызы

  • 19.02.2025

«Жомарт» шахтасындағы апаттың мән-жайы мен қауіпсіздік техникасы бұзылуының себептерін тексеру жөніндегі комиссия жұмысты 10 күнде аяқтауға тиіс, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішіндегі апаттың себептерін тексеру және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету жөніндегі Үкіметтік комиссия жұмысының барысы туралы баяндамасы тыңдалды.

Осы жылдың 17 ақпанында Қазақмыс корпорациясының «Жомарт» кенішінің шахтасында апат болды. 7 адам қаза тапты. Бұл ретте 402 адам өз бетінше эвакуацияланды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Апат орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық жедел штабы ашылды. Сенім телефоны желісіне 23 қоңырау түсті.

Премьер-министрге Үкіметтік комиссия апаттың себептерін тергеу бойынша жұмысты бастағаны, тиісті сараптамалар жүргізілетіні баяндалды.

Алдын ала мәліметтер бойынша шахтада табиғи газ жарылған.
Комиссия басшысы мен мүшелері апат болған жерді қарап, қаза тапқандардың отбасыларымен кездесу өткізді.

Қазір шахтада жұмыс тоқтатылды. Екі арнайы комиссия құрылды: біреуі апаттың себептерін анықтауы керек, екіншісі қауіпсіздік ережелерінің бұзылғанын анықтайды. Комиссиялар өз жұмысын 10 күн ішінде аяқтауға тиіс.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаза тапқандардың отбасыларына қажетті қолдау шаралары көрсетіледі.

Сондай-ақ Қазақмыс корпорациясы ұжымдық шартқа сәйкес көмек көрсетеді, оның ішінде жерлеуді ұйымдастыру, жылдық орташа жалақының 10 еселенген төлемі, балалардың оқу ақысын төлеу, қаза тапқан қызметкерлердің несиелері мен қарыздарын өтеу бойынша көмек түрлері бар.

Бұдан басқа, қолданыстағы заңнама аясында кеншілер отбасына бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындалады, сондай-ақ жерлеуге төлемдер берілетін болады.

Жалпы тергеу нәтижелері комиссия жұмысының қорытындысы бойынша ұсынылатын болады.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Шахтада үйінді астында қалған жұмысшылардың тізімі белгілі болды

18.02.2025

Тоқаев Ұлытауда кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты

18.02.2025

Костенко шахтасындағы апат: 46 кеншінің ісі сотқа жетті

17.02.2025

Bek Air ұшағы апатының тергеуі неге 5 жылға созылғаны белгілі болды

05.02.2025

Қостанай облысында санавиация ұшағы апатқа ұшырай жаздады

05.02.2025

АҚШ-та тұрғын үйлерге ұшақ құлады

01.02.2025
MalimBlocks
Шахтада үйінді астында қалған жұмысшылардың тізімі белгілі болды

Тоқаев Ұлытауда кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты

Костенко шахтасындағы апат: 46 кеншінің ісі сотқа жетті

Апат кезінде шахтада 252 адам болған, жер бетіне 205 шахтер шығарылды

Bek Air ұшағы апатының тергеуі неге 5 жылға созылғаны белгілі болды

Қостанай облысында санавиация ұшағы апатқа ұшырай жаздады

АҚШ-та тұрғын үйлерге ұшақ құлады