«Жыр» болған LRT құрылысы аяқталатын секілді

Үкімет қосымша 20 миллиард теңге бөлген

Malim Админ

  • 02.02.2023

«Жемқорлыққа қойылған ескерткіш» аталған LRT 2024 жылдың аяғына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек айтты. 

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, көлік жүйесі құрылысының келесі кезеңі 2022 жылы басталған. Жұмысты екі жыл ішінде аяқтау жоспарланып отыр.

«Алғашқы соманы былтыр үкімет бөлді. Биыл бұл нысанның құрылысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Мобилизациялау жұмыстары, сондай-ақ LRT-де жұмыс істейтін болашақ пойыздар, техника бойынша аванстық төлемдер жүргізіліп жатыр. Жоба 2023-2024 жылдар аралығында жүзеге асырылады деп жоспарланған, келесі жылдың аяғына дейін іске қосылуы тиіс», - деді қала әкімі.

Астана әкімі «Биыл нысанның құрылысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр» дегенмен,  LRT-нің Қабанбай көшесі жағында құрылыс нышаны байқалмайды.  

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысы тоқтатылатын болса, шығын бұдан да көп болатынын айтқан болатын. «Мен LRT жобасының негізі қате болғанын айттым. Бірақ қазір басқа амалымыз жоқ. Біз бұл жобаны жүзеге асыруымыз керек», - деді ол.  Үкімет құрылысты жалғастыруға қосымша 20 миллиард теңге бөлген еді.               

Байланысты жаналықтар

Депутат кім болуы керек?  Парламентке әртістер қажет пе?  

09.02.2023

Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек – Тоқаев

26.01.2023

Тоқаев Сенат төрағалығына Әшімбаевты қайта ұсынды

26.01.2023

Мәжіліс пен мәслихат сайлауының өтетін күні мәлім болды

19.01.2023

Қаралы қаңтарға 1 жыл. Назарбаевтан бас тарту процесі немен аяқталады?

30.12.2022

Қант бағасынан дәретхана қағазына дейін. Қош келдің, қымбатшылық!

19.12.2022
MalimBlocks
Депутат кім болуы керек?  Парламентке әртістер қажет пе?  

Елдегі ерінбегеннің бәрі депутат болудан дәмелі

Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек – Тоқаев

Олар дауыс жинау үшін түрлі тәсілдерді қолданады

Тоқаев Сенат төрағалығына Әшімбаевты қайта ұсынды

Әшімбаев бұл лауазымда 3 жыл отырған

Мәжіліс пен мәслихат сайлауының өтетін күні мәлім болды

Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы сайланады

Қаралы қаңтарға 1 жыл. Назарбаевтан бас тарту процесі немен аяқталады?

Бұрынғы президентті құрбандыққа шалуы мүмкін

Қант бағасынан дәретхана қағазына дейін. Қош келдің, қымбатшылық!

Қымбатшылықтың құрсауынан шықпаған сала жоқ