Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Президент өкімімен ҰҚК төрағасының орынбасары тағайындалды

Құқық
Президент өкімімен ҰҚК төрағасының орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Қанатай Жорабекұлы Далматов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

1978 жылы Алматы облысы Елтай ауылында дүниеге келген.

Бұған дейінгі еңбек жолында Зайсан шекара жасағының шекара заставасы бастығының орынбасары, бекет бастығы, шекара заставасының бастығы; Ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел және басшы құрамы лауазымдарында қызмет атқарған.

2019 жылдың қазанынан бастап ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары болып келген.

2023 жылдың 5 мамырында генерал-майор шенін алып, биыл 6 мамырда ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу