Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Прокуратура Қожағапановтың жазасын қатаңдатуды талап етті

Құқық
Прокуратура  Қожағапановтың жазасын қатаңдатуды талап етті

Елорда соты бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов пен SUCCESS K агенттігінің бұрынғы бас директоры Ләззат Көккөзованың үстінен қозғалған қылмыстық іске шығарылған үкімге түскен шағымды қарап жатыр.


Бүгінгі сот отырысында Қазақстанның бизнес-омбудсмені Қанат Нұровтың ұстанымы жарияланды. Қанат Нұров қылмыстық істің материалын зерделеп, қорғау тарапының уәжін қолдап, сот үкімін жоюды ұсынды. Сондай-ақ Ләззат Көккөзованы ақтауды және мемлекеттік органның 1 млрд теңгеден астам сомаға қойған талабын және мемлекеттік бажды өтеу туралы талабын қанағаттандырмауды ұсынды.

Одан кейін сотта прокурордың апелляциялық өтінішхаттағы уәжі бойынша тараптардың пікірі тыңдалды. Айыптау тарапы жазаны қатаңдатуды талап етіп, Ерлан Қожағапановқа мемлекеттік қызмет өкілеттігін асыра пайдаланғаны және оның мемлекетке келтірген залалын алға тартып бас бостандығынан айыру мерзімін 7 жылға дейін ұлғайтуды сұрады.

Экс-вице-министр өз кезегінде SUCCESS K агенттігінің мүддесін қорғау жөніндегі айыптау негізсіз екенін айтты. Өйткені мұндай функция оның өкілеттігіне кірмеген. Ол айыптау тарабының куәгерлері (21 куәгер) сотта шындықты айтып, іс жүзінде оның жағына шыққанын атап өтті.

Оның адвокаттары да айыптау уәжі істің нақты мән-жайына сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Еске салайық, былтыр 1 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет және спорт экс-вице-министрін ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстады.

Антикордың ақпаратынша, ол 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XV өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған. 

Биыл мамырда бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапановға қатысты сот үкімі шықты. 

Ал тамызда Ерлан Қожағапановты қорғаушы тарап сот үкіміне шағым түсірді. 

Сондай-ақ бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов соттан өзін ақтауды сұрады. Е.Қожағапановты қорғаушы тарап сот үкімімен әлі күресіп жатыр. 

Фото: Twitter

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу