Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Прокуратура Жерар Депардьеге 1,5 жыл жаза сұрады

Әлем
Прокуратура Жерар Депардьеге 1,5 жыл жаза сұрады

Прокуратура 76 жастағы актерге 20 мың еуро айыппұл салуды, жәбірленуші әйелдерге өтемақы төлеуді, психолог емінен өтуді, оны сексуалдық зорлық жасаған қылмыскерлер тізіміне қосуды және екі жылға сайлауға түсу құқығынан айыруды талап етті.

Парижде өтіп жатқан сот процесі – Депардьеге қатысты сексуалдық қудалау бойынша сотқа жеткен алғашқы іс.

Айыптауға 2021 жылы “Жасыл терезелер” фильмі түсірілімі кезінде болған оқиғалар себеп болды. 54 жастағы декоратор мен 34 жастағы режиссер көмекшісі актерді әдепсіз пікірлер айтып, оларға орынсыз қол тигізді деп айыптады.

Олардың айтуынша, Депардье түсірілім алаңында кеудеге, бөксеге және жыныс мүшелеріне қол жүгірткен.

Фото: Ammar Abd Rabbo/El Gouna Film Festival/AFP

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу