Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Путин Аляскадағы кездесуде Трампқа Ресей тарихы туралы лекция оқыған

Әлем
Путин Аляскадағы кездесуде Трампқа Ресей тарихы туралы лекция оқыған

Аляскада өткен Владимир Путин мен Дональд Трамптың келіссөзі екі ел басшыларын жақындатудың орнына, керісінше, олардың жеке қарым-қатынасына суық әсер қалдырған, деп хабарлайды Malim.kz Financial Times басылымына сілтеме жасап.

Кездесу кезінде Трамп Ресейге тиімді саналатын ұсыныс жасады деп ойлаған. Алайда, бейнекамералар сөнген соң жағдай күрт өзгерді. Путин АҚШ санкцияларын жеңілдету туралы ұсынысты қабылдамай, соғысты тек Украина аумақ беруге келіскен жағдайда ғана тоқтататынын мәлімдеді.

Бұдан кейін Ресей президенті әдеттегідей тарихи дәріс өткізіп, сөзін Рюриктер мен Ярослав Мудрыйдан бастап, Богдан Хмельницкийге дейін жеткізді. Осы арқылы ол Украина мен Ресейді «бір халық» деп дәлелдеуге тырысқан.

Мұндай бағыттағы әңгімені күтпеген Трамп бірнеше рет дауысын көтеріп, тіпті келіссөз бөлмесінен кетемін деп қорқытқан. Ақырында кездесу жоспардан ерте аяқталып, экономикалық ынтымақтастыққа арналған түскі ас пен бірлескен баспасөз мәслихаты да өткізілмеген.

FT дерегінше, Трамптың «Аляскадағы күн сәтті өтті» деген мәлімдемесінен кейін Украина президенті Владимир Зеленский мен еуропалық көшбасшылар Вашингтонға барып, АҚШ-ты Ресейге тым үлкен жеңілдік беруден тоқтатуға тырысқан.

Басылымның қорытындысы бойынша, бұл саммит екі ел арасындағы ең төмен нүкте болған және дәл осы оқиғадан кейін АҚШ-тың Украинаға қатысты саясаты түбегейлі өзгерген.

Фото: Getty Images

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу