Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Путин Трамптың «Бейбітшілік кеңесіне» қосылу үшін бір миллиард доллар төлеуге дайын

Әлем
Путин Трамптың «Бейбітшілік кеңесіне» қосылу үшін бір миллиард доллар төлеуге дайын
currenttime.tv

Путин Ресейдің «Бейбітшілік кеңесіне» тұрақты мүше мәртебесін бекіту үшін 1 миллиард АҚШ долларын жіберуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Қауіпсіздік кеңесінің отырысы барысында айтты.

Сонымен қатар, ол бұл қаражатты АҚШ-та бұғатталған Ресей Орталық банкінің активтерінен алуды ұсынды. Financial Times жазғандай, бұл шамамен 5 миллиард долларды құрайды.

«Қазірдің өзінде, тіпті біздің “Бейбітшілік кеңесінің” құрамына қатысуымыз және оның жұмысы туралы шешім қабылданбай тұрып-ақ, Ресейдің палестиналық халықпен ерекше қарым-қатынасын ескере отырып, біз АҚШ-та бұрынғы әкімшілік кезінде бұғатталған ресейлік активтерден Бейбітшілік кеңесіне бір миллиард АҚШ долларын бағыттай алар едік деп ойлаймын», – деді Путин.

Ол сондай-ақ Ресейдің Сыртқы істер министрлігіне «Бейбітшілік кеңесіне» кіру туралы ұсынысты зерттеуді және «әріптестермен кеңесуді» тапсырғанын қосты.

Путиннің айтуынша, Мәскеу мен Вашингтон АҚШ-та бұғатталған ресейлік қаражаттың қалған бөлігін оның Украинаға басып кіруі барысында зардап шеккен аумақтарды қалпына келтіруге пайдалану мүмкіндігін де талқылап жатыр. Алайда Путин нақты қай аумақтарды меңзеп отырғанын – Украина бақылауында қалған жерлер ме, әлде соғыс кезінде Ресей әскері басып алған аймақтар ма – нақтыламады.

Ресей президентінің сөздерінен оның «Бейбітшілік кеңесіне» кіруге келісетіні де анық емес.

Сонымен қатар Путин бейсенбі, 22 қаңтар күні АҚШ-та бұғатталған ресейлік активтерді пайдалану мүмкіндігін Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббаспен және АҚШ өкілдері – президенттің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен және Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнермен талқылауға үміттенетінін айтты. Олар Мәскеуге ұшып келуі тиіс.

«Бейбітшілік кеңесі» деген не?

«Бейбітшілік кеңесін» құру Трамптың Газа секторы бойынша бейбітшілік жоспарының екінші кезеңінде көзделген. БАҚ келтірген ұйымның жарғысына қарағанда, жаңа органның рөлі тек палестиналық аумақпен шектелмейді. Жарғыда Кеңес «қақтығыстардан зардап шеккен немесе қауіп-қатер аймағындағы өңірлерде тұрақтылыққа жәрдемдесуді, сенімді әрі заңды басқаруды қалпына келтіруді және берік бейбітшілікті қамтамасыз етуді мақсат ететін халықаралық ұйым» деп сипатталған.

Кеңес жарғысында тұрақты мүшелікке үміткер елдер бір миллиард доллар төлеуі тиіс екені көрсетілген.

Барлығы АҚШ шамамен 50 әлемдік көшбасшыға Кеңеске қатысуға шақыру жолдаған.

БАҚ мәліметінше, 21 қаңтарға дейін Аргентина, Әзербайжан, Армения, Венгрия, Қазақстан, Марокко, БАӘ, Вьетнам және тағы бірқатар елдер шақыруды қабылдаған. Шақыруды ішінара танылған Косово президенті Вьоса Османи де қабылдады.

Сондай-ақ Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Беларусьтің іс жүзіндегі басшысы Александр Лукашенко «Бейбітшілік кеңесіне» қосылу ниетін білдірді. Лукашенко өзінен Кеңеске мүшелік үшін бір миллиард доллар талап етілмегенін атап өтті.

Еуропалық көшбасшылар мен мемлекеттердің көпшілігі, ең алдымен Франция, Германия және Ұлыбритания, «Бейбітшілік кеңесіне» кіруден бас тартты.

Трамптың сыншылары АҚШ президентінің бұл бастамасы БҰҰ-ның рөлін әлсіретуге бағытталған деп қауіптенеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу