Астанада бұрын Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған Fitnation фитнес-орталығы сатылымға қойылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Аталған орталық қаладағы Нұра ауданында орналасқан және жалпы ауданы 4000 м² шамасында. Мұнда заманауи жабдықталған жаттығу залы, бассейн, топтық сабақтар өткізуге арналған кең аймақтар, сондай-ақ сауықтыру мен қалпына келтіру аймақтары бар.
Баланс бағасы 2 млрд теңгеден асады. Қазіргі таңда орталықта шамамен 300 спортшы тегін жаттығып, физикалық көрсеткіштерін арттыруда. Fitnation кәсіби спортшыларға және күнделікті жаттығумен денсаулығын жақсартқысы келетін қала тұрғындарына да қызмет көрсетеді.