freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған «Байсат» базары жаңа иесін тапты

Қоғам
Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған «Байсат» базары жаңа иесін тапты
Фото: e-auction.e-qazyna.kz

Алматыдағы “Байсат” көтерме-бөлшек сауда орталығы аукцион арқылы 24,77 млрд теңгеге сатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Электрондық сауда алаңының мәліметінше, нысанның 100 пайыз үлесі 24 772 753 285 теңгеге өткізілген. Әзірге сатып алушының кім екені жарияланған жоқ.

Жалпы аумағы 4221,4 шаршы метрді құрайтын үш нысан мен 1,4 гектар жер телімі бұған дейін Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға тиесілі болған «ҚазГерСтрой» бірлескен кәсіпорны» ЖШС және «Astana Finansial Group» ЖШС-нің меншігінде болған. Аталған үлес мемлекетке 2024 жылдың қаңтарында қайтарылды.

Тергеу барысында Қайрат Сатыбалды нарықтың басым бөлігін мемлекетке ерікті түрде берген. Ал 2024 жылдың қазанында нысан Қайтарылған активтерді басқару компаниясының теңгеріміне өтті.

Айта кетейік, «Байсат» базарын сату әрекеті 2025 жылдың қараша және желтоқсан айларында да жасалған. Алайда өтінімдердің болмауына байланысты аукциондар өтпей қалған. Кезекті сауда биыл ақпан айына жоспарланған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу