Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке 50 миллиард теңгеден астам актив қайтарады

Құқық
Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке 50 миллиард теңгеден астам актив қайтарады

Алдын ала есеп бойынша, активтердің жалпы сомасы 50 млрд теңгеден асады. Бүгінге дейін құны 18 млрд теңге болатын активтер қайтарылған.
Олардың ішінде Алматыдағы 2 ірі бизнес орталығы, коммерциялық жылжымайтын мүлік және Астанадағы элиталық үй бар.

Сатыбалдыұлынан тінту барысында алынған 95 мың АҚШ доллары Арнайы мемлекеттік қорға аударылған.

Сонымен қатар, жүздеген миллион теңгеге эксклюзивті зергерлік бұйымдар, брендтік сағаттар, коллекциялық монеталар және басқа да сәнді бұйымдар мемлекетке қайтарылды.

Біріккен Араб Әмірліктерінен жалпы құны 192 млн теңге Rolls-Royce Cullinan және Aston Martin маркалы көліктер түріндегі активтер қайтарылды.
Қазіргі таңда Сатыбалдыұлы мен оның жақындарына тиесілі 33 млрд теңге тұратын актвитерді қайтару жұмыстары аяқталып қалған. 

Бұл активтерге: Дубайдағы құны 20 млрд теңге тұратын екі қымбат вилла; Франциядағы бағасы 4 млрд теңге тұратын төрт элиталық пәтер; 5 млрд теңгелік Мәскеу қаласындағы тұрғын үй кешендеріндегі 15 жылжымайтын мүлік; құны 4 млрд теңгеден асатын Бодрум және Стамбул қаласындағы екі элиталық вилла мен пәтер жатады.

Осы кезге дейін Қайрат Сатыбалдыұлы 2,5 жыл ішінде мемлекетке 783 млрд теңгеге активтерді қайтарған.

Фото: Видеодан скрин

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу