Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қанша адамның банкроттыққа өтінім бере алатыны айтылды

Қоғам
Қанша адамның банкроттыққа өтінім бере алатыны айтылды
Gov.kz

Елімізде 300 мыңға жуық азамат банкроттық процедурасына өтінім бере алады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгінге дейін 51 мыңнан астам жеке тұлға, азаматтарымыз банкроттық процедурасын қолданды және 188 млрд теңге қарызы есептен шығарылды. Енді қабылданған шаралардың нәтижесінде шамамен 300 мың Қазақстан азаматты банкроттық процедурасын қолдана алады. Бірақ, бұл шара ерікті түрде жүзеге асырылады. Біз автоматты түрде барлық тұлғаны банкрот деп тани алмаймыз. Азамат өтінім берген жағдайда ғана скоринг сараптама жүргіземіз, - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына орай. 

Бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қаржы министрлігіне адамды банкрот деп тануға қажет құжаттардың санын барынша азайтып, азаматтарға қарыз мәселелерін жедел шешуге кең мүмкіндік беру жөнінде ұсынымдар енгізген еді. Осы ұсынымдардың негізінде Қаржы министрлігі соттан тыс банкроттық рәсімін айтарлықтай жеңілдетті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу