freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қапаландырады". Зеленский АҚШ елшілігінің шабан қимылын сынады

Әлем •
"Қапаландырады". Зеленский АҚШ елшілігінің шабан қимылын сынады

Ресей әскерінің Кривой Рогқа соққысына байланысты Владимир Зеленский АҚШ елшілігінің реакциясын сынға алды, - деп хабарлайды Malim.kz Азаттыққа сілтеме жасап.


“Өкінішке қарай, Америка елшілігінің реакциясы қапаландырады: сондай мықты ел, сондай мықты халық – ал реакциясы сондай әлсіз. Тіпті ракета мен өлген балалар туралы айтқан кезде “орыс” сөзін айтудан қорқады” деп жазды Украина президенті Владимир Зеленский өзінің телеграм-арнасында.

Ресей әскері 4 сәуірде кешке Кривой Рогқа шабуылдаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ракета шабуылынан 18 адам қаза болған, 9-ы – бала. Кейін қалаға дрон шабуылы жасалып, нәтижесінде бір әйел опат болды. Қалада үш күндік қаралы күн жарияланды.

Азаттықтың хабарлауынша, АҚШ-тың Украинадағы елшісі Бриджит Бринк X желісінде шабуылдан “жаны түршіккенін” айтып, “сол себепті соғыс аяқталуы керек” деп жазған. Бринк жазбасында Ресей сөзін қолданбаған.

Фото: Getty Images

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу