Бүгін Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында үш ер адам үрмелі қайықтың моторының бұзылуына байланысты жағадан алыстап кетті, деп хабарлайды Malim.kz.
ТЖМ құтқарушылары қайықпен көмекке асығып, үш адамды жағаға аман-есен жағаға жеткізді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ ескертеді: суда қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз,
ақаулы жүзу құралдарымен акваторияға шықпаңыз және әрқашан құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз.
Фото: видеодан скрин