Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағанды облысы әкімдігі мердігерге орындалмаған жұмыс үшін 15 млн теңге төлеген

Қоғам
Қарағанды облысы әкімдігі мердігерге орындалмаған жұмыс үшін 15 млн теңге төлеген

Қарағанды облысы Нұра ауданының прокуратурасы «Нұра ауданының құрылыс бөлімі» ММ нақты орындалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражатын негізсіз аудару фактісін анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Нұра кентіндегі Ақпасов көшесінде 20 жалдамалы екі пәтерлі тұрғын үй салу жұмыстарына 1 млрд теңге сомасы төленген. Талдау нәтижелері бойынша мердігер 15 378 015 теңгеге жұмысты аяқтамағаны анықталды, - делінген хабарламада.

Аудан прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде, мердігердің өз міндеттемелерін адал орындамауына байланысты, 15 378 015 теңге мемлекет кірісіне қайтарылды.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі негізінде кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Фото: opennews.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу