Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағанды облысында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 48 жолаушы эвакуацияланды

Қоғам
Қарағанды облысында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 48 жолаушы эвакуацияланды
Фото: видеодан скрин

Бүгін таңғы уақытта Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Балқаш–Алматы бағыты бойынша жүріп келе жатқан рейстік автобус жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиғадан кейін автобус жүргізушісі құтқару қызметінен көмек сұраған.

ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, техникалық ақауы бар автобустан барлық 48 жолаушыны эвакуациялады. Жолаушылар қауіпсіз түрде Балқаш қаласының автовокзалына жеткізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге көріну шектеулі жағдайда жылдамдықты азайтып, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу