Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағанды облысында дәмханада газ жарылысы болып, екі адам көз жұмды

Қоғам
Қарағанды облысында дәмханада газ жарылысы болып, екі адам көз жұмды
Фото: видеодан скрин

Қайғылы оқиға Мойынты станциясындағы дәмханада тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Газдың жарылуынан кейін өрт шығып, тілсіз жау шамамен 300 шаршы метр аумақты қамтыған.

ТЖМ хабарлауынша, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде өрт ғимараттың түгел аумағына тараған. Сондай-ақ 200 шаршы метрге жуық жерде шатыр мен ішкі арақабырғалар құлаған.

Құтқарушылар үйінділерді аршып, зақымданған құрылымдарды тексеріп, өрттің қайта тұтануына жол бермеу бағытында жұмыстар жүргізіп жатыр.

Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 11 адам аудандық ауруханаға жеткізілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына тұрмыстық газ баллондары мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарының бұзылуы себеп болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу