freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағанды облысында мотоцикл мінген екі адам жол апатынан қаза тапты

Оқиға
Қарағанды облысында мотоцикл мінген екі адам жол апатынан қаза тапты
Бейнежазбадан скриншот

Қарағанды облысында екі мотоциклдің соғылуынан адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Malim.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 сәуір күні шамамен сағат 21:00-де Шет ауданының Ағадыр кентінде екі мотоцикл жол апатына ұшыраған. Алдын ала деректер бойынша, олар бір бағытта қозғалып келе жатқан көрінеді. 

«Жол апаты салдарынан 37 және 17 жастағы мотоцикл жүргізушілері оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Қарағанды облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Бекзат Сәулембаев.

Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға және өз қауіпсіздігі мен айналадағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Сонымен қатар мотокөлік құралын басқару кезінде міндетті түрде қорғаныс құралдарын (дулыға және арнайы жабдықтар) пайдалануға ерекше назар аудару қажеттігін ескертіп отыр. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу