freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағанды облысында пәтер ұрлығымен айналысқан топ ұсталды

Қоғам
Қарағанды облысында пәтер ұрлығымен айналысқан топ ұсталды
Фото: видеодан кадр

Қарағанды облысында пәтер ұрлығына қатысы бар деп күдікке ілінген топтың әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Арнайы операцияны криминалдық полиция қызметкерлері «Арлан» арнайы жасағының күштік қолдауымен жүргізді.

Арнайы операцияның видеосын өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты. Кадрларда ер адамдардың алдымен ауланы аралап, кіреберістерді қарап, пәтерлерді мұқият бақылағаны көрінеді.

Тергеу нұсқасына сәйкес, олар осылайша ұрлық жасайтын нысандарды таңдаған. Кейін күдіктілер терезе торларын сындырып, пәтерлерге терезе арқылы кірген.

Видеода ұстау сәті де көрсетілген. Арнайы жасақ жауынгерлері топ мүшелері тұрған пәтерге шабуыл жасап, оларды қолға түсірген. Кадрлардан тәркіленген алтын бұйымдар мен басқа да бағалы заттар көрінеді.

Криминалдық полиция қызметкерлері «Арлан» арнайы жасағының күштік қолдауымен жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде пәтер ұрлығына маманданған қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. 35-39 жас аралығындағы үш ер адам ұсталды. Аса ірі көлемдегі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу мәліметінше, эпизодтардың бірі жыл басында Қарағанды қаласындағы Лобода көшесінде болған.

Пәтерден гауһар тасты шамамен 40 зергерлік бұйым, күзен тон және ноутбук ұрланған. Алдын ала келтірілген шығын 20 миллион теңгеден асты.

Полицияда ұсталғандардың өңір аумағындағы өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқаны айтылды. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу