freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағанды облысында жоғалған 13 жасар бала аман қалу үшін шалшық су ішіп, айдалада түнеген

Оқиға
Қарағанды облысында жоғалған 13 жасар бала аман қалу үшін шалшық су ішіп, айдалада түнеген
Видеодан скрин

Қарағанды облысында жоғалып кеткен 13 жасар жасөспірім аман-есен табылды. Ол кешке Қарабас ауылынан шығып, Абай қаласына бет алған кезде адасып кеткен. Оқушы далада түнеп, шалшық су ішіп күнелткен. Оны тұрғындардан бастап, еріктілер мен құтқару қызметі жабылып іздеп, таңсәріде тапты. 

13 жасар Бейбарыс сабақтан соң достарымен ойнауға шығып, Қарабас ауылына барады. Кешкілік анасы хабарласқан соң, жасөспірімдер Абай қаласына қайтпақ болған. Неге екені белгісіз, ол автобуспен емес, жаяу қайтамын деп шешкен. Күн ұясына батқан кезде анасына адасып кеткені туралы хабарлама жазып, үсіп-тоңып, шөлдегенін айтқан.

Бұл хабарламаны тыңдаған анасының үрейі ұшып, жан-жақтан көмек сұрайды. Түні бойы жасөспірімді іздеуге еріктілер де, тәртіп сақшылары мен құтқарушылар Абай мен Қарабас ауылының екі ортасын аралайды. Осылайша оны Абай қаласынан 15 шақырым жердегі далада мотоциклмен кетіп бара жатқан Дубовка ауылының тұрғыны көріп қалады. Тәртіп сақшыларына сол хабар беріпті. 

“Қорыққан, ұйықтап тұрып, тоңған ғой. Футболкасын жамылып жатқан. Су ішпегеннен ерні кеуіп қалған. Баламның табылғанына ризамын. Аман-есен, тірі, денсаулығы жақсы”, – деді анасы Айжан Нақышева.

“Қорыққан, ұйықтап тұрып, тоңған ғой. Футболкасын жамылып жатқан. Су ішпегеннен ерні кеуіп қалған. Баламның табылғанына ризамын. Аман-есен, тірі, денсаулығы жақсы”, – деді анасы Айжан Нақышева.

Тәртіп сақшылары баланы көзден таса қылмай, жасөспірімдерді үнемі бақылап отыру керек екенін ескертті.


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу