freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағанды облысында жойғыш ұшақ апатқа ұшырады

Оқиға
Қарағанды облысында жойғыш ұшақ апатқа ұшырады
ҚР Қорғаныс министрлігі

25 ақпан күні Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары барысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 Ұшақ экипажы дер кезінде катапульт жасады. Ұшқыштар дін аман, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазіргі уақытта медициналық мамандардың бақылауында, — делінген министрлік хабарламасында.

Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп жоқ.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылды. Комиссияны ұшу қауіпсіздігі жөніндегі департамент басқарады. Құрамына авиациялық қызметтің арнайы мамандары кірді.

Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу