Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағанды облысында жүк пойызы екі жасар баланы қағып кетті

Оқиға
Қарағанды облысында жүк пойызы екі жасар баланы қағып кетті

1 маусым күні Қарағанды облысында жүк пойызы екі жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды Malim.kz "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Қарағанды – Ақсақыр бағыты бойынша Қарағанөзек – Қарабас аралығында күндіз болған.

"Екі жасар баланың теміржол бойына шығып кетуіне байланысты жүк пойызының машинисі шұғыл тежеу қолданды. Бала жарақат алып, ата-анасы оны Қарағанды қалалық балалар ауруханасына жеткізді", – делінген компания хабарламасында.

Оқиға туралы ақпарат Қарағанды-Сұрыптау станциясының желілік полиция бөліміне берілді.

ҚТЖ ата-аналарды теміржол нысандарына жақын жерде балаларға мұқият болуға тағы да шақырды.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу