Оқиға 15 қарашада Қазыбек би ауданындағы Республика даңғылында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Malim.kz.
Полицияға 2006 жылы туған бойжеткеннің терезе алдына шығып тұрғаны туралы хабар түскен.
«Шатырдан альпинистік құрал-жабдықты пайдаланып түскен құтқарушылар қызды пәтер ішіне қауіпсіз кіргізіп, сол арқылы мүмкін болатын қайғылы жағдайдың алдын алды. Құтқарылған азаматша жедел жәрдем бригадасына табысталды»,- делінген хабарламада.