freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағандыда зиратқа қатысты даудан кейін сот мәйітті эксгумациялауға рұқсат берді

Оқиға
Қарағандыда зиратқа қатысты даудан кейін сот мәйітті эксгумациялауға рұқсат берді
Ашық дереккөзден

Қарағандыда даулы қабірге қатысты мәселені эксгумация арқылы шешу көзделіп отыр. Осындай шешімді Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасы қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

Өңірде жерлеу мәселесіне байланысты үлкен дау туындаған. Жергілікті тұрғын бірнеше ай бойы адвокатымен бірге анасының нақты қай жерде жерленгенін дәлелдеуге тырысып жүр.

Айгүл Жамиленова үшін бұл жағдай үлкен күйзеліске айналған. Анасы жерленгеннен кейін бірнеше ай өткен соң, Құрылыс зиратында басқа әйелдің құлпытасын көрген. Оның айтуынша, қабір орны басқа отбасыға тиесілі болып шыққан, ал олар өз туысы дәл осы жерде жерленгенін алға тартады.

Жағдайды қиындатқан тағы бір мәселе – зиратта жерлеу орындарының нақты есебі жүргізілмеген. Екі тарап та өздерінің дұрыс екеніне сенімді. Айгүл Жамиленова ДНҚ сараптамасы мен эксгумация шығындарын өз мойнына алуға дайын екенін айтқан.

Тараптар дауды бейбіт жолмен шеше алмағандықтан, іс апелляциялық сотқа жеткен. Екінші тараптың қарсылығына қарамастан, сот эксгумация жүргізуге рұқсат берді. Енді бұл іске нүктені сараптама қойып, қабірде нақты кім жерленгенін анықтайды.

Адвокат Бауыржан Изделеуовтің айтуынша дауды сот арқылы шешуден басқа амал болмай тұр.

«Жерлеу кезінде болған барлық туыстар бар. Олардың бұл орынды ұмытып қалуы немесе шатастыруы өте екіталай, тіпті мүмкін емес деуге болады. Апелляциялық сот өтінішті қанағаттандырып, ДНҚ сараптамасы мен эксгумация жүргізу туралы шешім шығарды. Бұл дауды шешу үшін өте маңызды деп есептеймін», - деді ол.

Ал талапкер Айгүл Жамиленованың сөзінше, екі жылға жуық уақыттан бері зират мәселесі бойынша күрделі жағдайға тап болған.

«2024 жылдың қараша айынан бері белгісіз жағдайда өмір сүріп келеміз. Анамның сол жерде жерленгенін білемін, бірақ барар нақты жерім жоқ. Бұл өте ауыр. Ас беруді, еске алуды тек үйде, шағын ортада өткізіп жүрміз, басқа амал жоқ», - деді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу