freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қатты күйік шалған": Танымал актриса туған күнінде торт үрлеймін деп ауруханадан бір-ақ шықты (ФОТО)

Қоғам
"Қатты күйік шалған": Танымал актриса туған күнінде торт үрлеймін деп ауруханадан бір-ақ шықты (ФОТО)
ашық дереккөзден

Қытайдың танымал жас актрисасы Ван Тянь Юй туған күнін атап өту кезінде әлеуметтік желіде кең тараған қауіпті трюкті қайталап, бетін күйдіріп алды. Оқиға туралы Need To Know басылымы жазды, деп хабарлайды Malim.kz..

26 жастағы актриса достарымен бірге туған күнін атап өтіп жатқан кезде интернетте танымал болған трюкті орындап көрмек болған. Әлеуметтік желіде кейбір адамдар аузына спирт жұтып алып, оны шам жанып тұрған тортқа үрлеп, отты жарқыратып, кейін өшіретін бейнелер жариялайды.

Сол трюкті қайталауды шешкен актриса аузына таза спирт жұтып алып, оны шам жанып тұрған шағын тортқа қарай шашқан. Алайда бәрі жоспарлағандай болмай шықты.

Кенеттен жалын қатты лап етіп, актрисаның бетіне және шашына тиіп кеткен. Оқиға болғаннан кейін Ван Тянь Юй дереу ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлер актрисаның иек, мойын және бет тұстарынан ауыр күйік алғанын анықтады. Оның айтуынша, жарақат өте ауыр болып, қатты ауырсыну сезінген.

Актриса кейін бұл жағдай туралы пікір білдіріп, әлеуметтік желіде қауіпті трюктерді ескертусіз жариялайтын адамдарды сынға алды.

"Мен бұл жай ғана қауіпсіз вирус тренд деп ойладым. 96 пайыздық спирт қолдандым, бірақ жалын кері қарай лап етіп, мойным мен иегімді күйдіріп жіберді. Әлі де ем алып жатырмын", – деді ол.

Ван Тянь Юй 1999 жылы туған. Ол Шанхай консерваториясын бітіріп, кино және телехикая актрисасы ретінде танылған.

Актриса кино саласындағы алғашқы рөлін 2016 жылы атақты гонконгтық актер әрі режиссер Стивен Чоудың "Русалка" фильмінде сомдаған. Содан бері ол көптеген фильмдер мен телесериалдарға түсіп, Қытайдағы танымал жас актрисалардың біріне айналды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу