Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақ тілі: «Шымбұлақтағы» мейрамхана айыппұл арқалады

Қоғам
Қазақ тілі: «Шымбұлақтағы» мейрамхана айыппұл арқалады
Фото: shymbulakmountainresort/t.me

Алматы қаласының Полиция департаменті «Шымбұлақтағы» мейрамханалардың бірінде болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Видеода мейрамхана әкімшісі мен келуші арасында дау туындағанын байқауға болады.

Медеу аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері аталған оқиға бойынша тексеру жүргізілді, қатысушылар анықталып, жауаптар алынды, жағдай толық зерттелді.

«Тексеру барысында тараптар оқиғаның эмоционалды жағдайдан туындағанын атап өтті. Олардың айтуынша, кейбір сөздер мен әрекеттер эмоция әсерінен жасалған және олардың шынайы көзқарасын білдірмейді. Сонымен қатар, оқиға барысында тараптардың бір-біріне жеңіл физикалық әрекет қолданғаны анықталды. Қатысушылар өзара кешірім айтып, татуласты және болған жағдайға өкінетіндерін білдірді. Сондай-ақ олар азаматтарды бір-біріне құрметпен қарауға, кез келген келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге шақырды», – дейді қалалық ПД.

Тексеру нәтижесі бойынша олардың әрекеттеріне құқықтық баға берілді. Екі қатысушыға да кәмелетке толмаған бұзақылық әрекет фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен олар 20 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Полиция ескертеді: тұрмыстық келіспеушіліктер, қарым-қатынас мәселелері немесе тілдік ерекшеліктер еш жағдайда да қақтығыс, провокация және қоғамдық тәртіпті бұзу үшін себеп болмауы тиіс. Ұлттық немесе тілдік тақырыптарды пайдаланып, дауды ушықтыру әрекеттері қоғам үшін қауіпті және қабылданбайды деп қарастырылады. Қоғамымыздың негізі – өзара сыйластық, бірлік пен келісім. Бұл құндылықтар өзгермейтін, маңызды қағида болып саналады. Алматы қаласының Полиция департаменті заң аясында әрекет етіп, барлық азаматтың теңдігін қамтамасыз етеді және ескертеді: қақтығыстарды ұйымдастыруға немесе ушықтыруға қатысқан тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатын болады», – деп хабарлайды Полиция департаменті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу