freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақмыс жаңа арнайы техникамен жерасты жұмысының қауіпсіздігін күшейтуде

Қоғам
Қазақмыс жаңа арнайы техникамен жерасты жұмысының қауіпсіздігін күшейтуде
Фото: Қазақмыс

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарында күрделі тау-кен және шахта жағдайында пайдаланылатын мамандандырылған автокөлік құралдарын тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтан өткізу жалғасуда, деп хабарлайды Malim.kz.

Сынақтан өткізіліп жатқан BAW (Beijing Automobile Works) өндірісінің техникасы тар және орташа көлемдегі жерасты қазбаларында пайдалануға бейімделген әрі заманауи өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесімен қамтылған.

Техника ROPS/FOPS сертификатталған қорғаныс құрылымымен (аударылған немесе зат құлаған кезде персоналды қорғайды), 360° панорамалық бейнебақылау жүйесімен, күшейтілген тежеу жүйесімен, жылдамдықты автоматты шектеу қызметімен және жабдықтың жай-күйін бақылау құралдарымен жабдықталған.

Бұрын кеніштерде қолданылған жалпы мақсаттағы автокөлікпен салыстырғанда мамандандырылған көлік құралы сенімдірек жұмыс істеп, күрделі пайдалану жағдайына тез бейімделуімен және  қызмет көрсету шығынының төмендігімен ерекшеленді.

Алғашқы сынақ нәтижесі жаңа техниканың еңбек қауіпсіздігін күшейтуге, жабдықтың бос тұрып қалуын азайтуға және өндірістік үдерістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін растады.

Қазіргі уақытта корпорация бұл техниканы Топтың өндірістік алаңдарына кезең-кезеңімен енгізу мүмкіндігін қарастыруда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу